Ислам діні

«Тermal mest» атты мәсі шұлыққа мәсих тартуға бола ма?

  • «Тermal mest» атты мәсі шұлыққа мәсих тартуға бола ма?

    «Тermal mest» атты мәсі шұлыққа мәсих тартуға бола ма?

Ассалəмуалейкум! Есімім Дамир болады. Ақтөбе қаласынан боламын. Біз "termal mest" атты Түркияда шығарылатын термо мəсіні сатып жүр едік. Бұл - "термо мəсіні" 2016 жылының 10 айында шеберханаларда шығарып бастаған... "Termal mest" алған кезде табаны ешкінің терісінен тігілген, үсті "неопрен" материалынан жасалған қымбат түрін алдым. "Неопрен" материалы жылуды сақтап, су өткізбейді. Қонышы - ұзын, тобықтан төрт саусақ жоғары орналасқан. Өздігінен тұра алады. Өз кейпін ұстай алады. Табаны - ешкінің кожасы. 12-15 км қашықтыққа шыдас бере алады... Termal mest-тің түрлері көп. Тұтастай табанына дейін неопреннан тігілген түрлері бар. Біздің "termal mest" мəсіміздің табаны ЕШКІНІҢ терісі, ал, үсті "неопреннан" тігілген. Осы түрін сұрап жатырмын... Шакиров Дамир (Сұрақ ықшамдалып алынды).

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) бойынша, шұлыққа мәсих тарту үшін шұлық – қалың және асты не асты-үсті бірдей теріден болуы керек. Фиқһ кітаптарында бұған «мүжәлләдәйн әу мүнәъалләйн» деп сипаттама беріледі. Мағынасы: "Шұлықтың асты-үсті, не болмаса, тек асты теріден". Солай болғанда ғана онымен белгілі қашықтыққа жүруге болады[1].


Ал, Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (р.анһума): «шұлықтың асты не үсті теріден болуы шарт емес» - деген, - «дымқылдық өткізбейтіндей қалың болса да масих тартуға жарамды. Өйткені, қалың әрі тығыз шұлықпен де белгіл қашықтыққа ( 12 мың қадам) жүруге болады» дейді.


"Қайсысы дұрыс?" десеңіз, Ханафи мәзхабында бұл мәселеде Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің пәтуасы алынады[2]. Осы тұрғыда, «Нуруль Изах» атты фиқһ кітабында былай делінген:


«Еркекке де, әйелге де дәрет бұзылғанда қос мәсіге мәсих тартуға рұқсат. Тіпті, ол екеуі теріден емес, қалың бір нәрседен (тігілген) болса-дағы. Табаны теріден болса да, теріден болмаса да мейлі (мәсих тартуға жарамды)»[3].

Енді, сұрағыңызға келсек, өзіңіз айтпақшы аталмыш «мәсі шұлықтың» неше түрлісі бар. Олардың бәрі талапқа сай келе ме, жоқ па? – оны анықтау үшін әрқайсысы белгілі бір сынақтан өткізілуді керек етеді. Шұлыққа мәсих тарту үшін: дымқылдық өткізбейтіндей қалың, аяққа кигенде ештеңенің көмегінсіз өздігінен бекем киіліп тұратындай тығыз және ең аз 12 мың қадам (4-5 км) жүруге шыдас беретіндей күйде болуы шарт. Осы үш талапқа сай келген шұлыққа мәсих тартуға рұқсат.


Сөз саптауыңызға сүйенсек, мәсі шұлықтың сіз айтып тұрған түрі аталмыш шарттарға түгелдей сай ұқсайды. Тіпті, табаны ешкінің терісінен тігілгеніне орай (егер 4-5 км жүруге жараса) үш имамның үшеуінің де талаптарына сәйкес деуге негіз бар. Бұлай болған жағдайда, мәсих тартуға жарамды десек қателеспеспіз. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Лүбәб – 1/59 бет.

[2] Хидая – 1/71-71 беттер.; Хашияту Ибн Ғабидин – 2/196-201 беттер.

[3] Имам Шүрунбүләли: Нуруль Изах.  




Көрілген: 556    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 30.11.2017, 21:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31