Ислам діні

Төрт жасар жылқыны екі тайға айырбастау өсімге (риба) жата ма?

  • Төрт жасар жылқыны екі тайға айырбастау өсімге (риба) жата ма?

    Төрт жасар жылқыны екі тайға айырбастау өсімге (риба) жата ма?

Ассаламуғалейкум! Төрт жасар жылкыны екі жасар екі тайга ауыстыруға бола ма?? Ұласқан


Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Төрт түлік малдар «өсімге кіретін заттар» қатарына жатпайды. Сол себепті, төрт жасар жылқыны, екі жасар екі тайға, бір сиырды екі-үш танаға яки бұзауға айырбас жасай беруге болады. Тек, айырбас араға уақыт салмай, қолма-қол болуы шарт (мысалы, келісімге қарай дөнен не биені бүгін алып, екі тайды бір аптадан соң әкеліп берем деп араға уақыт салуға болмайды). Олай болмаған жағдайда, «несие өсімін» тудыратындықтан шариғатқа қайшы. Бұл - Ханафи мәзхабы бойынша.


Ал, Шафиғи мәзхабы бойынша, хайуанды хайуанмен айырбас жасарда «қолма-қолдық» шарт емес.


Және айта кету керек, келісім – түсініспеушілік тудырмайтындай анық-айқын болуы керек.


Шариғатта өсімді екі түрге бөліп қарастырады. Біріншісі, «рибан нәсия» - несие пайызы. Екіншісі, «рибаль фадл» - таразыға тартылатын бір сортты заттарды айырбас жасарда бірі екіншісінен артық болу (мөлшері).


Абдусамат Қасым 


islam.kz




Көрілген: 455    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 13:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30