Ислам діні

Түрік парламенті діни некелерді ресми некелермен теңестірді

  • Түрік парламенті діни некелерді ресми некелермен теңестірді

    Түрік парламенті діни некелерді ресми некелермен теңестірді

Түрік парламенті ресми неке қию салтанаттарын өткізуге өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар сияқты, мемлекеттік діни қызметкерлерге, яғни, мүфтилерге де ресми неке қиюға рұқсат беретін заң қабылдады.



Әділдік пен Даму басқарушы партиясының (АК Партия) мәлімдеуінше, сәрсенбі күні қабылданған жаңа заң тіркелмеген некелердің санын азайтады.



Бірақ, жаңа заңға қарсы шығушылар, оның ішінде оппозициялық партиялар мен әйелдердің құқығын қорғаушы топтар мұны Түркияның секуляризмін әлсіретуге апаратын қадам деп есептейді. Олардың айтуынша, бұл балалардың арасындағы некенің артуына әкеп соғады.



«Қаласаңыздар да, қаламасаңыздар да, парламент мұны қабылдайды», - деп мәлімдеді өткен аптада Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган құқық қорғаушы топтардың наразылықтарына жауап беру кезінде.



«Біз тіркелмеген некелерді емес, ресми некелерді қолдаймыз Бұл заң тіркелмеген некелердің санын азайтады», - деп сөзін жалғастырды ол.



Түркияның азаматтық кодексіне сәйкес, ресми неке қиюға муниципалитеттік шенеуніктер, ауыл басылар және шет елдік өкілдіктер құқылы, енді бұл тізімге мүфтилер де қосылды.



Кодексте некеге тұратын адамдардың жасы 18-ден төмен болмауы керектігі айтылған. Жас жағынан шектеу ерекше жағдайларда ғана 17 жасқа дейін төмендетілуі мүмкін. Мәселен, ата-аналардың келісімі немесе соттың шешімі болған жағдайда. Жаңа заң, заңда көрсетілген неке жасына ешқандай өзгеріс енгізбейді.



Көптеген түрік азаматтары ресми некеден бөлек діни некеге тұрып жатады. Имам өткізетін бұл рәсім заңды болып саналмайды және әркімнің өз қалауымен жасалады. Алайда, ол заңдық тұрғыдан міндетті мәртебеге ие емес.



Түркияның ауылдық аймақтарында азаматтық некеге тұрмай, діни неке қиып қоя салатындар аз кездеспейді. Бұл ерлі-зайыптыларды, әсіресе, әйелдерді қорғансыз қалдырады, себебі, олар ресми некеге берілетін заңды құқықтардан айрылады.



Үкімет өкілі Бекир Боздаг парламентте дауыс берудің алдында сөйлеген сөзінде аталмыш заңның діни некеге тұрғандарын жасыруға тырысатын адамдарға, оның ішінде кәмелетке толмаған азаматтарға қатысты екенін мәлімдеді.



«Адамдар ондай некелерді жасырады. Біз соның алдын алмақшымыз», - деді ол сейсенбі күні.



Боздагтың айтуынша, бұл заңның мақсаты азаматтық некелердің орнын діни некелермен басу емес, тек, аталмыш заң арқылы ресми неке қиюға өкілетті тұлғалардың жаңа категориясы енгізіледі.




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31