Туылмай жатып шетінеген сәбиге жаназа намаз оқыла ма?

Туылмай жатып шетінеген сәбиге жаназа намаз оқыла ма?

Сəлеметсіздер ме, muslim.kz порталы! Менің сұрағым бар еді өтініш жауап бересіздер ме? Қазір аяғым ауыр 7 айлық егіздер болатын. 6 айлық кезінде ішімде біреуі шетінеп қалды. Дəрігерлер екіншісіне зияаны жоқ тірісін уақыты келгенде босанасың деді. Сол босанғанда артынан өлген нəресте мумия болып туылады екен. Сол шарананы не істейміз? Роддомда қалдырғым жоқ. Азан шақырып, ат қойып жерлейді ме? Сосын туылмай тұрып шетінеген сəбидің жаны қайда болады? Осы мені мазалап жүрген сұрақтарыма жауап бересіздер ме? Алдын ала рахмет! Гүлжан
Сәлеметсіз бе, Гүлжан! Алдымен айтатын нарсе, жаназа рəсімдері тек өмірге тірі келген сəбилерге жасалады. Себебі, Пайғамбарымыз айтды: "Сəби өмірге келгенде тіріліктің белгісін беретін болса (қимылдау, дауыс шығару секілді), оған жаназа намазы оқылады" деген. Ал өмірге жаны тəнінен шығып келетін болса, ондай сəбилерге жаназа намазы оқылмайды. Мұсылмандардың мазаратына (мола) апарып ақ матаға орап жерлейді.
Іштегі нәресте шетінеген жағдайда, оған ат қойса, қияметте Алланың қалауымен шапағатшы болатыны туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Түсік балаларға ат қойыңыздар. Өйткені Алла ат қойылған баламен таразының сауап жағын ауырлатады. Болмаса ол бала қиямет күні келіп, былай дейді: «Уа, Алла Тағалам! Бұлар маған ат қоймады. Мен арқылы алатын сауаптарынан құр алақан қалды– дейді»[1]. Яғни, іште жатып шетінеген сәбиге де ат қойылады.

Ал, енді ондай сәбилердің жағдайы қалай болады? деген сұраққа келетін болсақ, олардан Қияметте есеп-қисап сұралмайды. Қайта ол сәби Қиямет күнінде ата-анасына шапағат ететін болады. Балалар әке-шешесінің алдынан шығып, етегіне жабысатыны, Алла оларды жәннатқа кіргізбейінше жібермейтіні туралы сүйінші хабарлар келген[2].
[1]Жамиғус-сағир, 3/1075 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста