Ислам діні

Туыстарына «кәпір» дейді: Жат ағымға кеткендерді қалай білуге болады?

  • Туыстарына «кәпір» дейді: Жат ағымға кеткендерді қалай білуге болады?

    Туыстарына «кәпір» дейді: Жат ағымға кеткендерді қалай білуге болады?

Құранда жихад сөзі 35 рет айтылғанымен, оның 4-ақ жерінде соғыс мағынасында келеді. Оның өзінде, еліңе жау шапса, қорғану керек мәнінде. Ал қалған 31-інде нәпсімен күресті, өзіңнің жаман кесірлі мінезіңмен күресті меңзеген деп хабарлады Еуразия арнасы.


«Құранда Аллаһ Тағала айтады: Бейкүнә біреуді өлтірсең, күллі адамзатты өлтіріп тастағанмен бірдей,-деп. Енді, ол жаққа барғанда, абайсызда бейкүнә кісі мерт етіп, үлкен күнә арқалағанша, елде отырып, бес уақыт намаз оқып, жақсылық жасап отырғанға не жетсін?» – дейді дінтанушы Наурызбай Өтпенов.


Иә, ата-анаңды аялап бағып, жетім өсіріп, оны жетілдіріп, әлсіздерге қамқор болсаң – жәннат беріледі. Ал бұлар, өйтіп жан қинағысы жоқ. өле қап, қылжия қап, жұмақ көргісі бар.


«Сенде малейший аяушылық сезімі жоқ па, деп сұрадым. Жоқ, қайта құрбан болса, қуанамыз. Бірімізді құттықтаймыз. Алланың жолында өлді, жаннатқа барады дейді. Мен гарантия бар ма, деп сұрадым. Өзі өсірген перзенттерін өзі өлімге қиса, не үміт, не қайыр?» – дейді діни ағымның бұрынғы мүшесі.


Бұларды такфиристер, салафиттер дейді. Олар мемлекеттің заңдарын мойындамайды, ұлттық салт-дәстүрдің бәрін адасу деп қарайды. Ең сорақысы, қызды мал құрлы санамайтын, туған анасына кәпір дегізетін бұл тоталитарлық сектаға жастарымыз қалай шырматылып жүр?


«Ең бірінші азаматтардың такфирлік бағытқа кетуі – олардың әу баста діни білімі болмаған. Екіншіден мектепті де дұрыстап оқымаған. 11- сыныптық білімді 3-пен әзер тәмамдаған. Олардың көпшілігі жұмысқа тұра алмай, депрессияда жүргенде, радикалды ағымдар қызықтырып, өз қатарына тартқан» – дейді ҚР Қоғамдық даму министрлігі, қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Балғабек Мырзаев.


Салафизм, такфиризм – балалайтын жамандық. Расында, жамандықтан жамандық туады. Әуелі бір адамға такфир жасағаннан кейін, онымен бар байланыс үзіледі. Мысалы, ата-анамен, туған-туыспен. Құранның ата-ананы құрметтеу туралы бұйрығы бұзылған соң, отбасынан береке кетеді. Туған-туыс кәпір болса, олар сойған малдың етін жеуге, той-томалағына, ас-садақасына қатысуға болмайды. Осылайша, қоғамнан бөлінудің алғашқы сатысы жүзеге асады.


«Менің үйіме бармайтын болды. Менің үйімнен тамақ жемейтін болып алды. Сіздер қай жерден алып жатырсыздар, етті тамақты дейді. Қасаптан, кәдімгі базардан десем, Жоқ. Ол харам!»


Қоғамнан оқшауланған жандар енді өзара топтаса бастайды. Сырттағылар бұларға енді – тұтас қазақ қоғамын, мемлекетті кәпір деп санауға бұйырады. Солай жасайды да. Сосын, намаз оқымайтын кәпір екен, олардың малын тартып алуға болады,-деп санап, қарақшылықты заңдастырып алады.


«Шариғатта біреудің мүлкін ұрлауға, тонауға болмайды дейді. Ал бұлар сол шариғатты бұзып, ұрлықпен, тонаумен айналысады. Мемлекеттің мұнайын ұрлайды, банктен кредит алып, лақтыруды сауап көреді» – дейді ҚР Қоғамдық даму министрлігі, қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Балғабек Мырзаев.


Салафизм, такфиризм, суфизм. Қысқасы измдердің баршасының негізгі миссиясы – елдің Исламнан бездіру. Такфиршілердің төменгі табы – табын секілді адасып жүр. Бұл жайында білмеуі де кәдік.


«Көп азаматтар адасқанын, қателескенін сол Сирияға барғасын бір-ақ біліп жатады. Шамасы келсе, қашып шығып, бауырларына айтқысы келеді. Жарнамасы қатты. Коттедж береді, үйленгендерге үй береді, жұмыс тауып береді деп шақырған екен. Барса, айтқанның түгі жоқ» – дейді ҚР Қоғамдық даму министрлігі, қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Балғабек Мырзаев.


Адасқанның айыбы жоқ. Үйірін қайта тапса, егер. Сирияға сенделіп барып, сектадан әбден шырмалып, өтірігін көзбен көргендер бар. Аз бірақ бар.


«Қаншалықты күш салсақ та, қаншалықты қаражат пен уақыт жұмсасақ та, шамамен 25 пайыз ғана нәтиже береді. Қалған 75 пайыз жұмыс жоққа шығады. Бұл қалыпты жағдай» – дейді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірасылқызы.


Неге? Себебі, ол адамдарды осындай деңгейге дейін жеткізуге, санасын улап тастауға секталар қаншама әрекет жасады. Жылдар бойы азғырды. Ал енді келіп, аз ғана уақыттың ішінде бетін бері қарата қоям деу, бос әурешілік. Олардың жүрегі тарс жабулы, та сбоп қатулы. Бірақ, болмайды екен деп, қарап отыруға тағы болмайды. Қатайып отырғандарды, сектада сенделіп жүргендерді не істеу керек?


Тас бол ертегісі есіңізде ме? Ең кенжесі әр ағасын жағалап, ағалап, үйге қайтуды сұрайды емес пе? Ағалары танымайды, қағады, соғады мұны. Бала батыр не істейді?


Иә, ертегінің айтары – сектаға, бұзық сенімге – дәстүр ғана қарсы тұра алады. Дәстүр біздің қару һәм қалқан.


«Ұлттық дәстүр сақталуы керек. жаңғыруы керек. Өйткені ол ұлтты ұлт етіп құрады. Мың жыл бойы біздің бабаларға рухани азық болды. Әлі мың жылдың буынын тәрбиелеуге қауқарлы» – дейді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірасылқызы.


Десе де, дәстүрді қазір бір ревизиядан өткеріп алу керек. Озығы келесі дәуірге өтіп, тозығы күресіңге тасталуы керек. Иә! Аймақтардағы қолданыста жүрген барлық салт-жоралғыны жинақтап, ғылыми-тарихи, теологиялық тұрғыдан талдап, үлкен зерттеу жасалынуы керек. Бұл – әлгінде айтқан ұлтты қорғаудың, ұлтты сақтаудың төте жолы. 




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 22:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31