Уаһаби, сәләфи дегендердің өзі не нәрсе...

Уаһаби, сәләфи дегендердің өзі не нәрсе...

Қазақстан деген елдің құрушы мәдениеті, ұлты ол — қазақ мәдениеті, қазақ ұлты, ал қазақ деген болмыс тарих сахнасына Ислам арқылы шықты. Ислам — қазақ мәдениетінің мазмұны. Олай болса, бұл елде ислам туралы әңгіме көбейе береді. Бұл табиғи жағдай. Мемлекет өз құндылықтарын қорғаудың, сақтаудың тетіктерін енді-енді қарастырып жатыр. Егемендік алған ширек ғасырда елімізде мемлекеттен тыс күштер Исламмен айналысты. Мемлекет Исламмен айналысуға бет бұра алмай жатқан тұста Ислам мемлекетпен айналыса бастады. Дін саясиланып сала берді. Жалпы, дін — әлемде ең басты саясат болатын. Міне, осы кезде ат ойнатып, «төске шауып, басқа өрлеп», елімізде уахабистік жат діни таным ошақтары қаптай бастады. Бұлардың ішінде оң ниеттілері де бар. Бірақ олар уахабизмнің Батыстың саясат құралы екендігін түсінбейді. Сосын тағы… олардың ішінде уахабизмді ақша, саясат үшін жарнамалап жатқандар да бар. Бұлар Исламды дін ретінде емес, агрессия, оппозиция, шариғат, режим ретінде қабылдап, сол бағытта әрекет етеді. Бұл кең дала екі ғасырдан бері уахабизм идеологиясының қысымына ұшырап отыр. Кеңес үкіметіне дейін де, Кеңес кезінде де, қазір де. Мұны мемлекет енді түсініп, одан арылудың жан-жақты тетіктерін ойластырып жатыр. Дегенмен, әлі де жете меңгерілмей жатқан тұстар жоқ емес. Уахабистік идеологиямен күресудің ғылыми-танымдық, саяси-экономикалық, халықаралық аспектілері бар. Осыларды орталықтандырып, шешім қабылдайтын, құқықтық тетіктен басқа, шешімді қабылдауды кешеуілдетіп отыр. Себебі көп. Бірақ ең бастысы мемлекет уахабизмнің қазақ мемлекеттілігін дамытуға, оның баяндылығына ең басты қауіп екендігін біліп, сезініп отыр. Дегенмен әлі де болса, мемлекетте осы эксртемиистік діни топтармен күресуде, сыртқы күштердің ықпалы басым сияқты болып көрінеді.

Досай Кенжетай
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста