Умму Айман қалай жәннаттық әйел болды?

Умму Айман қалай жәннаттық әйел болды?

Умму Айман Пайғамбарымыздың (с.а.у.) анасы Әминаның күтушісі болатын. Өмірлік серігі дүниеден қайтқанда, Әмина анамыз Пайғамбарымызға (с.а.у.) жүкті еді. Жүкті кезінде Умму Айман оның басы-қасынан шықпай, қолынан келген қамқорлығын аямайды.

Айы-күні толып, жарық дүние есігін ашып, өмірге Алланың елшісі (с.а.у.) келеді. Жас нәресте туылысымен-ақ Умму Айманның және басқа да әйелдердің жұмсақ алақанында күтіледі. Тағдырдың жазуымен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жасы алтыға толғанда анасы Әмина дүниеден қайтады. Ханымына құрақ ұшып қызмет ететін Умму Айман жетім қалған жас баланы Әминаның көзіндей көріп, жанын жабырқатпай, өз тәрбиесіне алып, бар аналық мейірім-жылуын төгіп, аялы алақанында әлпештейді. Алла елшісін (с.а.у.) бауырына басып құшақтап, маңдайынан емірене иіскегенде, Умму Айман оған туған анасындай болып кететін. Умму Айман Пайғамбарымыздың (с.а.у.) анасынан кейінгі анасы еді.

Алла елшісі (с.а.у.) есейіп, ер жетіп, Хадиша (р.а.) анамызға үйленгенде де, Умму Айманды есінен бір сәт шығармай, үнемі оған жәрдем беріп тұратын.

Кейіннен Алла елшісі (с.а.у.) Умму Айманды Зәйд ибн Харисаға (р.а. тұрмысқа беріп, олардың бақытты шаңырақ құруына бірден-бір себепкер болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) екінші анасы Умму Айманды көзі тірісінде-ақ жәннатпен сүйіншілеп: «Жәннаттық әйелге үйленгісі келген адам Умму Айманға үйленсін», – дейді (Ибн Сағд).

Алла елшісінің (с.а.у.) бұл ұсынысын Зәйд ибн Хариса қабыл алып, Умму Айманның жасы өзінен әлдеқайда үлкендігіне қарамастан, онымен шаңырақ көтереді.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін мұсылмандар Мута жорығына аттанып, осы ұрыста Умму Айманның ержүрек арысы Зәйд ибн Хариса ерлікпен қаза тауып, шәһид болады. Күйеуінің өліміне ақылды да байсалды Умму Айман сабырлылық танытады.

Ол қандай жағдай болсын Алланың елшісі (с.а.у.) алып келген ақиқат үшін, Ислам үшін бәріне де төзіп бағатын. Алла елшісі (с.а.у.) мен Умму Айманның арасында ана мен баланың махаббатындай бір-біріне жіпсіз байланған ыстық ықылас пен мейірімнің лебі әрқашан есіп тұратын. Ол Пайғамбар (с.а.у.) қуанса – қуанатын, мұңайса – мұңаятын.

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) мазасы кетіп сырқаттанып жылаған кішкентай сәбиді қолына ұстап тұрып, жаны ашығаны соншалық, көздеріне жас алады. Алла елшісінің (с.а.у.) жылағанын көрген Умму Айман оған қосылып жылайды. Оның мұнысына Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Алла елшісі жаныңда емес пе? Сен неге жылайсың? – дейді. Сонда Умму Айман:

– Алла елшісі жылап тұрғанда, мен қалай жыламайын, – деп көз жасына ерік берген екен (Ибн Сағд).

Алла елшісі (с.а.у.) өмірінің соңына дейін Умму Айманды назарынан тыс қалдырған емес. Көзі тірісінде ылғи да хал-жағдайын сұрап, жиі зиярат ететін.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болғаннан кейін бірде Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Әбу Бәкір Сыддыққа (р.а.) келіп: «Алланың елшісі (с.а.у.) көзі тірісінде Умму Айманның халін жиі сұрап барып тұратын. Біз де оны зиярат етіп барып қайтайық», – деп екеуі оның үйіне келеді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) достарын көрген Умму Айман көңілі босап, көзіне жас алады. Оған: «Неге жылайсың? Пайғамбардың (с.а.у.) Алладан алар сауабының қайырлы екенін білмейсің бе?» – дейді. Сонда: «Әлбетте, білемін. Әрине, Пайғамбар (с.а.у.) үшін Алланың берері қайырлы. Бірақ мен уахидің тоқтап қалғанына жылаймын», – дейді Умму Айман. Умму Айманның бұл жауабы Әбу Бәкір мен Омарға Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге жүрген күндерін естеріне түсіріп, әсерлендіріп, көздеріне жас келтірген (Муслим, Ибн Сағд).

Алла елшісі (с.а.у.) дүниеден өткеннен кейін Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб және басқа да сахабалар Умму Айманға ерекше құрмет көрсетіп өткен.

Умму Айман Осман ибн Аффанның (р.а.) халифалығы тұсында көз жұмған.

Алла оған разы болсын!

islam.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста