Ислам діні

Үш және төрт рәкәғаттық намаздардың алғашқы отырысында сәлем беріп қойса, не істейді? Қайта оқи ма?

  • Үш және төрт рәкәғаттық намаздардың алғашқы отырысында сәлем беріп қойса, не істейді? Қайта оқи ма?

    Үш және төрт рәкәғаттық намаздардың алғашқы отырысында сәлем беріп қойса, не істейді? Қайта оқи ма?

Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Үш ракағаттық намазында бірінші отырыста отырып қалып, сәлем беріп, қолды жайып дұға оқып болғаннан кейін есіне түссе. Сразу үшінші ракағатқа тұрып, соңында саху сәжде жасап намаздан шықсақ, намазы дұрыс бола ма? Мүслім.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Ханафи мәзхабы бойынша, ондай жағдайда сөйлеу, күлу, денесін құбыладан басқа жаққа бұру сияқты намазды бұзатын әрекеттер орын алмаған болса, отырған жерінен үшінші рәкәғатқа тұрып, жалғастырып оқып кете береді. Намаз соңында сәһу сәждесін жасайды.


Ал, сол аралықта орнынан тұрып кетіп қалса (яғни, денесі құбыладан айныса) немесе күлсе, сөйлессе, яки бір нәрселер ішіп-жесе, намазды басынан оқу керек. Риуаятқа қарағанда, Әзіреті Омар жамағатқа имам болып тұрып, шатасып, төрт рәкәғат намаздың екінші рәкәғатында сәлем береді де асығыс кетіп қалады. Артынан қателескендігінен хабардар болған Ол (р.а.), қайтып келіп намазды бастан төрт рәкәғат етіп оқыған екен1].


Осы орайда, «орнына тұрып кетіп қалса» деген сөз мешіттен тыс жерлерде оқыған адамға қатысты. Ал, мешіттегі кісі орнынан тұрып кетсе де, мешіттен шықпай жатып есіне түскен жағдайда жалғастырып оқуына болады, тек, сөйлемеген болуы керек. Мешіттен шығып кетсе, басынан оқиды[2].


[1] Имам Тахауи: Маани әл-Әсәр.

[1]Бәдруддин Айни: Умдатуль Қари – 4/392 бет.


Абдусамат Қасым 


islam.kz




Көрілген: 607    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 14.10.2017, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30