Ислам діні

Үй алуға жиналған ақшадан зекет беріле ме?

  • Үй алуға жиналған ақшадан зекет беріле ме?

    Үй алуға жиналған ақшадан зекет беріле ме?

Ассалаумағалейкум! Менің шаңырақ көтергеніме бір жылдан асты. Өзім жалдамалы пәтерде тұрамын. Үй алсам ба деп жинап жатқан азды-көпті ақшам бар. Егер ол ақша нисаб көлеміне жетсе, зекеті берілуі керек пе? Әлде үйді алып алғанша, бермей тұрсам бола ма? Құлмақан

Уағалейкумассалам! Шаңырақ көтеруіңізбен құттықтаймыз. Іші әрқашан да қуаныш пен шаттыққа тола болсын. Алла қаласа, баспанаңызға жылдамырақ қол жеткізуді нәсіп етсін!

Зекеттің берілуі үшін мына талаптар орындалуы тиіс:

1) Нисаб[1] мөлшеріне ие болу;

2) Оған толық бір (қамари)[2] жыл уақыт толу;

3) Басқа адамдарға нисабтың мөлшерін азайтатындай қарызы болмау;

4) Әрі зекет беретін мал-мүлкі (ақшасы) негізгі қажеттіліктерінен[3] тыс болу. Себебі негізгі қажеттілік зекет малы болып есептелмейді.

Ханафи мазхабының көрнекті ғалымы Ибн Малик негізгі қажеттіліктің не екенің ғылыми түрде тізбектеп, нақтылап көрсетіп берген. Ол былай дейді: «Негізгі қажеттілік дегеніміз – адамның құрдым болуының алдын алатын нәрселер. Мысалға: нәпақа, тұратын үй, шайқас құралдары, ыстық пен суықтан қорғайтын киім сияқты нәрселер. Немесе соның үкіміндегі: біреуге берешегінің болуы; себебі берешегі бар адам қиналып қалмасы үшін қарызын нисабынан береді. Сол сияқты негізгі күнкөрісі болып табылатын құралдарынан, үй жиһаздарынан, көлігінен, ілім иелері кітаптарынан да зекет бермейді. Бұл нәрселер – негізгі қажеттіліктер.


Егер адамның қолында дирхамдары (ақшасы) бола тұрып, бірақ оны осы қажеттіліктерге жұмсайтын болса, онда ол адамның қолындағы дирхамы жоқтың үкімінде болады. Бұл бейне бір шөлде қалып кетіп, қолында ішуге ғана қалған суы бар адамға ұқсас. Оның қолында суы болса да, ол суы жоқ адам сияқты тәйәммум алады»[4].

Артынша Ибн Абидин басқа да көзқарастарды келтіріп, оларды сараптап, артынша осы көзқарасты ең дұрыс көзқарас деп пайымдаған[5].

Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы




 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

жұма, 30.03.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман
    15 Наурыз, 11:17
    Қабір өмірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31