Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 24.03.2017



Ислам діні

Ұйқыға жатар алдындағы 7 ереже

  • Ұйқыға жатар алдындағы 7 ереже

    Ұйқыға жатар алдындағы 7 ереже

Ұйқының 7 ережесі. Бұл жайында қасиетті Құранда:

«Ол– түнде сендердің жандарыңды алады, ал күндіз не істеп жүргендеріңді біледі. Ол содан кейін белгіленген мерзім өтуі үшін (өмір) күндіз сендерді тірілтеді. Содан кейін Оған қайтасыңдар және Ол сонда сендердің жасағандарыңызды айтып береді»-делінген.

Ислам – бұл тек діни ережелер ғана емес, ислам – бұл өмір сүру үлгісі, оның әр саласына нұсқаулық түсірілген. Бұнда аса мейірімді Алланың өзінің құлдарына деген мейірімі мен махаббаты бар. Адам өміріндегі барлық аспектілер Исламда назардын тыс қалмаған. Пайғамбарымыздың сахабалары: «Пайғамбар бізді барлығына үйретті, тіпті табиғаттың шақыруына жауап беру ережелерін үйретті»-деген.

Адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ұйқыға тоқталсақ.

Ұйқы – Алла Тағаланың сыйы, демалыс пен тыныштық, күшті қалыпқа келтіру мүмкіндігі.

Ұйықтар алдындағы амалдар:

1.Мүмкіндік болса ұйықтар алдында жуыну керек.

2.Жамылатын көрпені үш рет қағып, сілкіп жіберу қажет, себебі онда түрлі қиқым, лас нәрселер болуы мүмкін.

3.Оң жақ бүйіріне бұрылып, қолын басына жастап жату керек.

4.Алла елшісі оқыған дұғаны оқу: «О Аллам, Сенің атыңмен ұйқыға жаттым және Сенің қалауыңмен оянамын. Егер менің жанымды алсаң онда оған рақымшылық жаса, ал егер жіберсең онда оны қорға».

5.Сондай-ақ, «Аятул Күрсі», «әл-Ықылас», «әл-Кафирун», «әл-Фалақ», «ән-Нас» сүрелерін үш реттен оқыған абзал, содан кейін алақанға түкіріп, бүкіл денеден жүргізіп өту қажет.

6.Пайғамбар таңғы намаздан кейінгі және күн батар алдындағы намаздан бұрын ұйықтағанды жақтырмайтын. Себебі бұл уақытта Алланың ризығы жіберіледі.

7.Оянғаннан кейін бетті қолмен жуып, Алланы еске алып, дұға оқу қажет: «Аллаға шүкір, ұйықтағаннан кейін тірілткен Аллаға шүкір, және Оған қайтамыз».

Әбу Хурайра Алла елшісінің: «Әркім ұйықтаған кезде шайтан оның желкесінде үш түйін байлап тастайды...Егер адам оянып, Алланы есіне алса, бір түйін шешіледі. Адам жуынғанда екінші түйін шешіледі. Егер адам дұға жасаса үшінші түйін шешіледі»-дегенін жеткізген. Сонда адам сол таңға риза болып тұрады.



Ihsan.kz




Көрілген: 566    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 19.03.2017, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Наурыз, 13:36
    ИЕСІН АЗА ТҰТҚАН АТ
    20 Наурыз, 13:12
    Қонаққа бару әдебі
    16 Наурыз, 16:58
    Дем салдыру дұрыс па?
    4 Наурыз, 15:47
    СЫРТҚАТ ТА СЫНАҚ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31