Ықылас сүресінің қасиеті

Ықылас сүресінің қасиеті

Ықылас (Қул һуаллаһу ахад...) сүресін оқудың қандай қасиеттері, құндылықтары бар?

Ықылас сүресін оқудың қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ықылас сүресін оқу, Құран кәрімнің үштен бірін оқығанмен бірдей» (Бұхари)

«Он рет Ықылас сүресін оқыған адамға жаннаттан бір сарай беріледі.» (И.Ахмед)

«Жатарда жүз рет Ықылас сүресін оқыған адам жәннатқа кіреді» (Тирмизи)

«Таң (бамдат) намазынан кейін 11 рет Ықылас сүресін оқыған адамға жәннаттан бір сарай беріледі.» (Хараити)

«Таң намазынан кейін 12 рет Ықылас сүресін оқыған адам, Құран кәрімді төрт рет хатм еткендей сауапқа қауышады.» (Бәззар)

«Азанда кешке үш рет Ықылас және муауиззәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерін оқу бәле-жаладан және қиыншылықтардан қорғайды.» (Тирмизи)

«Үйге кірер кезде Ықылас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді.» (Т. Куртуби)

«Ықылас сүресін оқыған мұсылманға жәннат уәжіп болады.» (Нәсаи)

«Кімде-кім сапарға шығарда 11 рет Ықылас сүресін оқыса, Алла Тағала сапардан қайта оралғанға дейін оның үйін қорғайды.» (И. Нәжжар)

«Арапа күні (барлығын бисмилләһпен айтып) мың рет Ықылас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғасы қабыл болады.» (Әбушшәйх)

«Мың рет Ықылас сүресін оқыған адам өзін Алла Тағаладан сатып алған болады.» (Рафии)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ықылас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, бәле-жаладан және жаман істерден қорғанған болады.» (Ибн Сүнни)

«Жатарда Фатиха және Ықылас сүрелерін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрсенің зиянынан амандықта болады.» (Ибн Абдилбәрр)

«Үш нәрсені істеген адам жәннатқа қалаған есігінен кіреді: Құл ақысын өтеген, әр намаздан кейін 11 рет Ықылас сүресін оқыған, жанына қас қылған дұшпанын кешіріп өлген адам.» (Бәриқа)

«Ешкімнің жанына, мал-мүлкіне, ар-намысына тимей, арақтан сақтанып, Ықылас сүресін жүз рет оқыған мұсылманның елу жылдық күнәлары кешіріледі.» (Бәйһақи)

«50 рет Ықылас сүресін оқыған мұсылманның 50 жылдық күнәлары кешіріледі.» (Дарими)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ықылас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адамды Алла Тағала келесі жұмаға дейін жамандықтардан қорғайды.» (Ибн Сүнни)

Расулуллаһ алейһиссалам бір жері ауырған кезде Фәлақ пен Нас сүрелерін оқып үстіне үрлейтін және ауырған жерін сипайтын. (Бұхари)

 

Ескерту: Жоғарыдағы хадис шәрифтер шартсыз білдірілген. Шартсыз білдірілген ғибадаттардың қабыл болуы үшін кейбір шарттары болады:

1. Мұсылман болу

2. Ақидасы дұрыс болу, бидғатшылардан болмау

3. Харамдардан, күнәлардан қашу керек. Мысалы, намаз оқымау үлкен күнә.

 

Сұрақ: Ықылас сүресін оқыған адам Құран кәрімді хатм еткен бола ма?

Жауап: Ықылас сүресін оқу өте қасиетті, құнды амал. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ықылас сүресін оқыған адам Құран кәрімнің үштен бірін оқыған болады.» (Тирмизи)

«Елу рет Ықылас сүресін оқыған адамның елу жылдық күнәлары кешіріледі.» (Дарими)

 

Ясин шәрифті оқу да өте сауапты амал. Хадис шәрифте: «Бір рет Ясин оқыған адам, он рет Құран кәрімді оқығандай сауапқа қауышады.» делінген. (Тирмизи)

 

Үш рет Ықылас сүресін оқыған адам Құран кәрімді хатм еткендей сауапқа қауышады. Бір рет Ясин шәрифті оқыған адам да он рет Құран кәрімді хатм еткендей сауапқа қауышады. Құран кәрімді оқыған адам да хатм ету сауабына қауышады. Хатм сауабы басқа, хатм еткендей сауапқа қауышу басқа.

Бір кедей адам: «Ақшам болғанда Алла разылығы үшін мына жерге бір мешіт салдырар едім» - деп, шын жүректен ниет ететін болса, Алла Тағала ол адамға мешіт салдырғандай сауап береді. Бірақ, мешіт салдырған адам, мешіт салдыру сауабына қауышады. Яғни көбірек сауап алады. Мешіт салдыру сауабы мен мешіт салдырғандай сауапқа қауышу екеуі екі басқа.

Ықылас сүресін үш рет оқыған адам Құран кәрімді хатм еткендей сауапқа қауышады. Бірақ, Құран кәрімді бастан аяғына дейін оқыған адам хатм сауабына қауышады.

 

Сұрақ: Арапа күні оқылатын мың Ықылас шәрифті оқитын кезде, намаздан кейін оқылатын 11 Ықылас шәриф оқитын кезде, алғаш бастағанда әузу бисмилләһ айтылып, ал сүре араларында тек бисмилләһ айтылады деп білемін. Осы дұрыс па?

Жауап: Иә, дұрыс. 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста