Нарық

1 қаңтардан бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы көбейеді

  • 1 қаңтардан бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы көбейеді

    1 қаңтардан бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы көбейеді

2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстандағы зейнетақы көлемі өседі деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2017 жылы Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Осы жылы зейнетақының мөлшері 20 пайызға артты. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы екі еселенді. Қаңтар айында 9 пайызға, шілдеде 11 пайызға өсті. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері тиісінше 7 пайыз және 13 пайызға артты.


Енді келесі зейнетақы көлемі 2018 жылдың қаңтарынан бастап ұлғаяды.


Жасына және ұзақ мерзімді қызмет бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8 пайызға артады. Бұл өзгерістер 2 миллионнан астам зейнеткерге, яғни бүгінгі күні зейнетақы алатын әрбір адамға қатысы бар.


Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты жаңа әдіске сәйкес базалық зейнетақы тағайындалады.


Мысалы, егер жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан кем болса, қызмет мерзімі ұзартылса, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең болады. Жыл сайын он жылдан астам уақыт ішінде оның мөлшері 2 пайызға артады. Еңбек өтілі 33 және одан артық болса – бұл күнкөріс деңгейінің 100 пайызды құрайды.


2018 жылғы 1 шілдеден бастап барлық зейнеткерлер базалық зейнетақыны бір реттік қайта есептеуден өтеді.


Нәтижесінде, 44 пайыздан астамы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайыз базалық зейнетақысын, дәл осыншама адам 74-тен 100 пайызға дейін зейнатақы алатын болады.


 




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 10:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31