Нарық

1-топ мүгедектерін күтіп-бағып отырған адамдарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы төленеді

  • 1-топ мүгедектерін күтіп-бағып отырған адамдарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы төленеді

    1-топ мүгедектерін күтіп-бағып отырған адамдарға күнкөріс деңгейінен кем емес жәрдемақы төленеді

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Нарматовтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.




«Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындайтынын айтқан еді. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы


1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға және базалық зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар 6 пайызға дейін арттырылды.


Базалық зейнетақыны қоса алғанда, ең төменгі зейнетақы бүгінгі күні 49 019 теңгені құрайды», – деді ол өз сөзінде.


Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының өз Жолдауында кәмелетке толған бала жастан 1-топ мүгедектерін күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар үшін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын 1 күнкөріс денгейінен кем емес мөлшерінде қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырғанын айтып өтті.


«Бұл жәрдемақыны тағайындау қағидалары мен тәртібін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қысқа мерзім ішінде әзірлеп, халық назарына жеткізетін болады. Осылайша, мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясат халықтың өмір сүру сапасын ұдайы арттыруға бағытталған», – деді Нарматов.


 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 13.02.2018, 22:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28