Нарық

2017 жылы қазақстандықтарға сатылған газ құны 57 млрд теңгеге дотацияланған

  • 2017 жылы қазақстандықтарға сатылған газ құны 57 млрд теңгеге дотацияланған

    2017 жылы қазақстандықтарға сатылған газ құны 57 млрд теңгеге дотацияланған

Бүкіл ішкі нарықта тұтынылатын тауарлық газ өзіндік құнынан төмен бағамен сатылуда екен. Бұл дерек «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2017 жыл қорытындысы туралы есебінен белгілі болды. Әлеуметтік бағдарланған компания ретінде ұлттық оператор ішкі нарықта тұтынылатын тауарлық газды өзіндік құнынан төмен бағамен жеткізіп келеді.


Яғни тұрғындар қызметтің басқа түрлері есебінен дотцияланатын газды пайдалануда. 2017 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ ішкі нарықтағы газ операцияларын 57,6 млрд. теңгеге дотациялады, ал 2015-2017 жж. кезеңіндегі дотация сомасы 167,7 млрд. теңгені құрады. Егер зер сала қарасақ, ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2017 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтқан. Аудиторлық есептемеге сай «ҚазТрансГаз» АҚ-ның шоғырландырылған кірісі өткен жылы 662,4 млрд. теңгені құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 77,5 млрд. теңгеге жоғары. Бұл ретте «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының есепті кезеңдегі таза пайдасы 74,8 млрд. теңгені құрапты, ол жоспарланғаннан 23 млрд. теңгеге артық. Яғни ішкі нарыққа газ сатуды дотацияламағанда ҚазТрансГаздың таза табысы 134 млрд теңге болар еді. Сонымен қатар, есептен алынған мәліметке жүгінсек, 2017 жылы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ және оның еншілес кәсіпорындары республика бюджетіне жалпы сомасы 60,3 млрд. теңгеге салық және басқа да міндетті төлемдер төлеген. Магистральдық газ құбырларымен газ тасымалдау көлемі, 2016 жылмен салыстырғанда, 12,7 млрд. текше метрге өсіп, 100,9 млрд. текше метр газды құрады. Бұл ретте газды экспортқа тасымалдау 34 пайызға ұлғайды және 17,7 млрд. текше метрді құрады, ішкі газ тасымалы 1 млрд. текше метрге ұлғайып, 17,4 млрд. текше метрді құрады. Ал халықаралық газ транзиті 65,8 млрд. текше метрді құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 7,5 млрд. текше метрге артық.  




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

сенбі, 03.03.2018, 22:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31