Нарық

Танымал тэгтер: , , , , ,

Шенеунік үш жылға қамалды

   0 289

«ҚР Ауыл­шар­уашы­лық ми­нистр­лігіне қа­рас­ты агро­өндірістік кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Алтынсарин аудандық аймақаралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Мэлс Шаймағанбетов ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлімі (пара алу) бойынша толығымен айыпты саналып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы шенеуніктің меншігіндегі мүлкі де тәркіленіп алынатын болды. Енді пара алған лауазымды тұлға жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

Іс материалдарына сәйкес, Шаймаған­бе­тов Алтынсарин ауданында бруцеллез ау­руына шалдыққан малды сатып алумен айналысқан кәсіпкерге ұсыныс жасаған. Белгілі болғандай, шенеунік кәсіпкерден ақша талап етіп, оның есесіне, аудан бо­йын­ша оның жұмысына ешкім кедергі бол­майтынына уәде еткен. Кәсіпкер болса, ше­неунік сұраған әрбір малдың басына 5 мың теңгені 3 мың теңгеге дейін түсіруге келісіпті.

Наурыз айында Шаймағанбетов кәсіп­кер­ден 54 мың теңге пара алу барысында Қаржы полициясының қолына түсті. Бұл сома 18 ірі қара мал үшін берілген болып отыр.

Бруцеллез дегеніміз – адам және жан­уар­ларда бактериялардың кесірінен пайда бо­латын өткір дерт. Бруцеллалар жоғарғы температураға шыдамсыз. Сұйық ортада шамамен 60 градуста бруцеллалар 30 ми­нуттың ішінде өлетін болса, Цельсий бо­йынша 80-85 градуста 5 минуттың ішінде өледі.

Автор: Ерғали НӘБИҰЛЫ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

25 тамыз 2011, 11:32
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

18 мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
 12345678910111213141516171819202122232425262728293031   

Бағамдар

Валюта бағамы 18.05.2012
USD/KZT 147.72
EUR/KZT 187.46
RUB/KZT 4.71

Ауа райы

Болжам 19.05.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана +18...+16 +9...+7
Алматы +23...+21 +21...+19
Павлодар +14...+12 +7...+5