Нарық

"7-20-25" арқасында қайталама нарықта баспана арзандайды - Сарапшы

  • ©Tengrinews.kz фотоколлажы

    ©Tengrinews.kz фотоколлажы

"7-20-25" бағдарламасы тұрғын үй қайталама нарығында бағаның жақын арада төмендеуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.


Қазіргі жағдайға пікірін білдіре отырып ол қайталама нарықта баға жоғары екенін айтты. 3-4 дәрежелі бастапқы нарықта құрылысшылар "7-20-25" бағдарламасына сәйкес болу үшін тұрғын үйдің бағасын шаршы метріне бейімдейді.


"Қолданыста болған баспананың иелері қайталама нарықта сатып алушыларға бағаны қолжетімсіз деңгейде ұстап отыр. Адамдар қайталама нарықтағы үйлерге шаршы метріне 2 мың доллар сұрайтын уақыт өткенін түсінгісі келмейді. Қазіргі кезде қайталама тұрғын үйдің қалыпты бағасы шаршысына 220-250 мың теңге шамасында. Шаршысына 300-330 мың теңге сұрайтындар да бар. Алайда бұл кейде тұрған орнына, салынған жылына байланысты дұрыс шешім. Бірақ жалпы айтқанда баға көтеріңкі", - деді Мүсірепов.


Сарапшының айтуынша, логикаға сүйенсек, қолданыста болған баспаның бағасы бастапқыға қарағанда арзанырақ болуы тиіс. Бірақ Қазақстанда кері жағдайды кездестіруге болады.


"Алматының қақ ортасындағы мүлік, мысалы 5 қабатты панельді үйдегі ауданы 30 шаршы метр екі бөлмелі пәтердің бағасы, "Ақсай" ықшам ауданындағы ауданы 70 шаршы метр жаңа пәтердің бағасымен бірдей. Сондықтан қолданыста болған баспананы алғысы келген адам жаңа пәтер алуды ойланады. Қалада қолданыста болған жақсы баспаналар аз-ақ қалды. Бағдарлама бойынша, ауданы үлкен жаңа пәтер алуға болады. Ол қала орталығында болмаса да, автобус немесе метро станциясына жақын және таза, әдемі жерде орналасады", - деп ойын бөлісті сарапшы.


Мүсіреповтың айтуынша, "7-20-25" бағдарламасы басталғалы бері жаңа салынған үйлердің нарығына сұраныс артқан. Пәтердің шаршы метріне баға төмендеп келеді, себебі мұнда ол жоғары.


"Қазір "7-20-25" ипотека жеңілдігі мен басқа да банктер беретін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі төмендеп келеді. Ғимарат салушы баспана тұрғызу үшін бағдарламаның дерегіне сүйене отырып, пәтердің шаршы метрінің бағасын төмендетеді. Бұл жағдай 3-4 санаттағы бастапқы нарықтағы баспанаға ғана қатысты. Себебі 1-2 санаттағы баспананы төлем төлеуге қабілетті адамдар сатып алады. Олар ипотекалық қаржыландыру құралын қолданбайды, орнына мүлікті 100 пайыз төлеммен алады. Пәтерлер ақырындап көбейе береді. Бірақ бастапқы нарықта Алматыда "7-20-25" бағдарламасы аясында әлдеқашан пәтерлер шаршы метріне 200 мың теңгеге Ақсай және басқа ықшам аудандарда сатып жатыр", - деді Мүсірепов.


Қазақстандық жылжымайтын мүлік федерациясының президентінің болжауы бойынша, "7-20-25" бағдарламасы арқасында бастапқы нарықтың жағдайы жақсарады, ал қайталама нарықтың күші азаяды.


"Жаңа баспана бағасы қымбаттамайды, себебі Қазақстанда төлеуге қабілетті азаматтардың сұранысы нөлдік дәрежеде. Несиеге беру жүйесі енгізілгеннен кейін баспананы алу қолжетімді болды. Бастапқы нарық жұмыс істеу керек, себебі ол құрылыс индустриясында жұмыспен қамту қатар дамып келеді. Оның барлығы өзара байланысты. Ал қайталама нарықта баға төмендейді", - деп болжады сарапшы.


Мүсірепов "7-20-25" немесе ұқсас бағдарламалар қайталама нарықтағы баспаналарға да тарағанын қалайды.


"Қолданыста болған баспанаға арнап қандай да бір бағдарлама енгізілсе, жаман болмас еді. Ондай баспаналар жаңаға қарағанда көбірек. Бірақ бір жағынан, былтырғы үйді қарастырсақ, адам онда бір жыл ғана тұрып сатқысы келсе, ол қайталама айналымға саналса да, жаңа үй болып есептеледі. 2000 жылдан бері салынған, ол жаңа үйлер", - дейді сарапшы.


Сонымен қатар, Ермек Мүсірепов сатып алушыларға кеңесін берді. Нақты бір қолданыста болған баспана ұнаса, сатушымен өзіне қолайлы бағаға келісуіне болатынын айтты. Оның айтуынша, тұралау жағдайында мұны іске асырса болады.

 




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 11:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31