Нарық

«7-20-25» бағдарламасы аясында банктер 200 млрд теңге алады - Ұлттық банк

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жыл басынан бері Қазақстан банктері 30 пайызға жуық деңгейде несие беруді ұлғайтты. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қаңтар-сәуірде жаңа несиелерді беру өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 27 пайызға немесе 814 млрд теңгеге артты. Нәтижесінде, банктің несиелік портфелі жылдық мәнде сәуірдің қорытындысы бойынша 12,1 пайызға өсті», - деді Ахметов.


Оның атап өтуінше, ұзақ мерзімді несиелеуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк бірқатар бастамаларды іске асырып жатыр. Осы орайда заңнамалық деңгейде банктердің қор жинау мерзімін ұзартатын тетіктерді енгізу көзделіп отыр.


Сонымен қатар Алпысбай Ахметов таяу арада банктер «7-20-25» бағдарламасы аясында 200 млрд тенге алатынын атап өтті. Болашақта ол сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл өз кезегінде банктердің ағымдағы ипотекалық портфель көлемін 2 трлн теңгеге дейін еселеуге мүмкіндік береді.


Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында өткен есептік кездесуде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек екі-үш айда «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірінші ипотекалық займдар берілетінін айтқан болатын.


 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31