Нарық

«7-20-25» бағдарламасында ипотекалық займды мерзімінен бұрын жабуға бола ма

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ұлттық банкі Тұтынушылар құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық займды мерзімінен бұрын өтеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қазіргі кезде бағдарламаның негізгі параметрлері әзірленді. Сондықтан займ мерзімі 25 жыл болып айқындалды, алайда қарыз алушы займды мерзімінен бұрын жапқысы келсе, бұл оның жеке құқығы. Ол үшін зайымды жабуға өтінім жазуы тиіс», - деді Александр Терентьев Сенаттың жалпы отырысынан кейін «ҚазАқпарат» тілшісіне.


Оның сөзіне қарағанда, егер де кепіл сомасы 20 пайыздан асатын болса, бұл тұрғыда ешқандай проблема туындамайды.


Сонымен қатар ол уақыт өте келе бағдарлама аясында қандай да бір түзетулер енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.


«Егер де қарыз алушы қомақты сомада қаржы салатын болса, әрине, оған осындай қадам жасауға ешқандай кедергі туындамайды», - деп түсіндірді Терентьев.


Сөз соңында ол қазіргі кезде арнайы құрылған компания екінші деңгейлі банктермен шарттарды бекітуге кіріскенін атап өтті. Аталған құжаттар толық рәсімделгеннен кейін, адамдар банктерге өтінімдерін жасай алады.


 




Көрілген: 777    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30