Нарық

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы: шарттары мен ережелері

  • Zakon.kz

    Zakon.kz

2018 жылдың көктемінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды әлеуметтік реформалар өткізу бастамасын көтерді. Шағын бизнес үшін кредит беру мен салықты төмендетуден бөлек, жаңа ипотекалық кредиттеу бағдарламасын енгізу туралы сөз қозғалды. Sputnik материалынан бағдарламаға кімдер қатыса алатынын және оның кімдерге тиімді екенін оқыңыз


"7-20-25" деген не?


"7-20-25" бағдарламасының бастапқы мақсаты – халықтың басым көпшілігі үшін қолжетімді тұрғын үй ипотекасын беру. Бұл үшін арзан ресурстар ұсынудың келесі тетіктерін жүзеге асыру жоспарланған:


кредит бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7%-тен аспайды, ал бүгінде ол 15%-тен астам;

бастапқы жарна 20%-тен аспайды, қазірде банктер 30%, кейде тіпті 50%-ке дейін сұрап жатады;

халық үшін ай сайынғы төлем мөлшерін барынша төмендету үшін кредит мерзімі қазіргі 10-15 жылдан 25 жылға дейін ұзартылды.

Бағдарламаның жаңа шарттары бойынша берілген несиелер толығымен қауіпсіз әрі қайтарымды болуы тиіс.


Мамандар алдыңғы жылдары ипотекалық кредиттеуде қолданылған бірқатар ережені қайта қарады.

Бағдарлама бойынша 2018 жылдың төртінші шілдесінен алғашқы кредиттерді беру басталды.


Биліктің ұсынып отырған шарттары кредитке баспана сатып алуға ғана емес, отбасылық бюджеттің жағдайына қарай қарызды уақытылы, қиындықсыз төлеп отыруға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламаға ұлттық рейтингке көш соңында қалмаған және қаржылық орнықтылық критерийлеріне сәйкес келетін банктер ғана қатыса алады.


Бағдарламаға кімдер қатыса алады?


Тұрғын үй қарызы ұлттық валютада беріледі, ал бағдарламаға кәмелетке толған, ресми кірісі бар әрбір Қазақстан азаматы қатысуға құқылы. Былайша айтқанда, ипотеканы мақұлдау үшін басты фактор төлем қабілеттілігі мен тұрақты табыс болмақ. Банк ұйымдары қазіргі таңда қосымша критерийлерді пысықтап жатыр. Сарапшылар талаптарды одан әрі қатаңдатуы мүмкін. Бұл баспанаға шынымен мұқтаж азаматтардың ипотека алуына мүмкіндік беру үшін қажет (кірісі аз азаматтар; тұрғын үй жағдайы қиын отбасылар; жас отбасылар және т.б.). Ал үшінші пәтерден үмітті, кірісі жоғары азаматтар жеңілдікпен баспана ала алмайды.


Құжаттар мен шарттар


"7-20-25" бағдарламасының шарттары:


Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстың болуы, ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттан алынған, соңғы жарты жылдағы жарналар туралы көшірмемен расталады;

жұмыс орнынан соңғы жарты жыл ішіндегі кірістер туралы анықтама;

жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша салық декларациясы.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша не сатып алуға болады?


Бағдарлама шарттары бойынша кредит тек бастапқы нарықтан баспана сатып алуға беріледі. Бұл жаңадан салынған үйлер ғана емес, сондай-ақ меншік құқығы алғаш рет рәсімделіп отырған жылжымайтын мүлік.


Бағдарлама арқылы сатып алынатын үйдің ең жоғарғы бағасы (кредиттің емес) Астана, Ақтау, Алматы, Атырау қалалары үшін 25 миллион теңгеден, ал басқа өңірлер үшін 15 миллион теңгеден аспауы керек.


"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері:


Банк ЦентрКредит

Еуразиялық Банк

АТФ Банк

RBK Bank

Halyk Bank

Цеснабанк

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Баспанадан айырылып қалудың тәуекелдері қандай?


Келісімшарт бұзылған жағдайда қатаң шаралар қолдану көзделген. Егер кредит уақытылы төленбей, мерзімі өтіп кетсе, банк қарыз алушыға ескертуге міндетті. Әуелі, берешекті қайта қарау бойынша амалдар қарастырылады. Егер қарыз алушы кредитті үш айдан астам уақыт төлемесе, банктер оператордан талап құқығын қайта алу бойынша міндеттемелерді орындайды.


 




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.07.2018, 18:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31