Нарық

"7-20-25" қатысушыларының мүлкі кедергісіз сатылуы керек - Ұлттық банк

  • © usolie.info

    © usolie.info

Мемлекет басшысының "Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін кредитор мен қарыз алушының мүдделері арасындағы мүдделер теңгерімінің сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық ортаны құру қажет.


Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Банк төрағасының айтуынша, бағдарламаның болашақта орнықтылығының маңызды талабы - банк пен борышкердің нарықтық қағидаттарды сақтауы, оның ішінде проблемалық берешекті сотқа дейін реттеу және кепіл кредиторларының басымдығы мәселелерінде сақтау болып табылатынын атап өтті.


"Кепіл институты жан-жақты болуы керек. Кепіл ұстаушының өз талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлкін кедергісіз әрі дереу сату мүмкіндігі болуға тиіс. Мұндай түзетулерсіз "7-20-25" бағдарламасын сәтті іске асыру мүмкін емес", - деп қорытындылады Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.


Данияр Ақышевтың айтуынша, заңнамалық түзетулер қабылданған жағдайда, банктер халыққа жақын арада кредиттер бере бастайды.


Сөзін қорытындылай келе Ақышев Сенат депутаттарына осы заң жобасын қарау шеңберінде жүргізген жұмысы үшін алғыс білдірді.


Еске сала кетейік, 19 маусымда "7-20-25" тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілген болатын.

 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30