Нарық

7 пайыздық ипотекалық несие қашаннан бастап беріледі

  • 7 пайыздық ипотекалық несие қашаннан бастап беріледі

    7 пайыздық ипотекалық несие қашаннан бастап беріледі

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдан бастап 7 пайыздық ипотекалық несие беріле бастауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына орай пікір білдірген Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Елбасымыздың бүгінгі бастамасында халыққа жеңілдетілген несие беру мәселесі толық шешімін тауып отыр. Енді біз Президент бастамаларын жаңа заңдар, жаңа нормативтік-құқықтық актілер қабылдау арқылы сапалы түрде жүзеге асыруымыз қажет», - деді депутат. Оның айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы арқылы халық 25 жылға 7 пайызбен несие алуға қол жеткізеді. «Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы да алуға мүмкіндік туындайды. Қазіргі уақытта Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы ғана несие беріліп жатыр. Ал бұл банктің барлық өңірде бөлімшелері жоқ. Сондықтан халыққа қай банк ыңғайлы болса содан жеңілдетілген несие беру қолға алынады. Яғни, Қазақстанның барлық банктері осы бағдарлама аясында жеңілдетілген ипотекалық несие беру мүмкіндігін ие болады. Елбасының осы бастамаларын заңмен қамтамасыз етіп, бюджет нақтыланғаннан кейін жеңілдетілген несие беру басталады деп ойлаймын. Меніңше, осы жылдан бастап халық жеңілдетілген несие алып қалуы ықтимал. Өйткені, республикалық бюджет нақтыланған кезде Елбасының осы бастамаларын жүзеге асыруға арналған қаражаттар қарастырылады», - деді Нұртай Сабильянов. Депутаттың пайымынша, жаңа бағдарламаның жүзеге асырылуы тұрғын үйлердің қымбаттауына түрткі болмайды. «Қазіргі уақытта үйлердің бағасы бірқалыпты, тұрақты. Қайта тұрғын үй салу арқылы бізде шағын және бизнес дамып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді ол.


inform.kz




Көрілген: 2806    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30