Нарық

Fly Arystan: Жаңа әуе компаниясының билет құны белгілі болды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Жаңа әуе компаниясымен ұшудың орташа бағасы шамамен 16 мың теңге болады. Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрі айтты. 2019-шы жылдың мамыр айынан бастап қызмет көрсететін әуе компаниясының аты да ерекше. «ФлайАрыстан» деп аталады.


Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:


- 8 ұшақ. Ол кішкентай ұшақтар емес. Жалпы Қазақстан бойынша ұшып жүрген ұшақтар. «Эйрбас», басқа да ұшақтар. Тек қана ол ұшақтардың ішінде отыратын орындықтарының саны басқаша болады, көп болады. Кішкене тығыз болады.


Министрдің айтуынша, бүгінде «Эйр Астана» әуе компаниясында екі қаланың ортасында ұшудың орташа бағасы 32-34 мың теңге. Жаңа бюджеттік компанияның орташа бағасы шамамен одан екі есе арзан, яғни 16-18 мың теңге аралығында болмақ.


Президент өткен аптаның соңында ұлттық әуе тасымалдаушысына билет құны арзан әуе компаниясын құруды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» еншілес компанияны құру туралы шешім шығарып қойған. Компания ұшақтарының іші тығыздау болады да, адам көбірек сияды. Ал билет құны тек орын үшін алынады. Жүк пен тамағының ақысын бөлек төлеуге болады. Соның есесінен ішкі рейстердің бағасы біраз арзандай түспек.


ktk.kz


 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30