Нарық

Forbes ең бай қазақстандықтардың тізімін жариялады

  • © Тengrinews.kz коллажы

    © Тengrinews.kz коллажы

Forbes журналы жыл сайынғы әлемдік миллиардерлер тізімін жариялады. Жаһандық тізімде бес қазақстандық миллиардер тізімге енген. 


Қазақстандық миллиардерлер тізімінде көш бастап тұрған - Қазақстан теннис федерациясының басшысы әрі бұрынғы Қазақстан Президентінің іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Биыл журнал оның дәулетін 2,3 миллиард долларға бағалады. 2016 жылы да осындай көрсеткіш болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 896-шы орында тұр, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 125 позицияға түскен.  


Ең бай адамдар тізімінде қазақстандық үш миллиардер екінші орынды өзара бөлісті, олар - "Қазақмыс" корпарациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким және Тимур мен Динара Кулибаевтар. Олардың дәулеті 2,1 миллиард долларға бағаланған (жалпы тізімде 973 орында). 2016 жылы Кулибаевтар қаражаты 2 миллиардқа тең болған, ал Владимир Ким - 1,5 миллиард доллар болған.  


Үздік бестікте қазақстандық миллиардер ERG кен өндіру компаниясының иелік ететін, "Еуразиялық банк" АҚ президенті Алиджан Ибрагимов. Оның қаражаты бір жыл ішінде 300 миллинға көбейіп, 1,9 миллиард долларға жеткен. Әлемдік рейтингте ол 1908 орында тұр. 



kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 704    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 21.03.2017, 10:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31