Нарық

Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесменді атады

  • Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесменді атады

    Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесменді атады

Forbes Kazakhstan журналы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаевты «Жыл бизнесмені» ретінде таныды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«АЛМЭКС» және «Кипрос» компаниялары иелерінің бірі Тимур Құлыбаев 2017 жылы Қазақстандағы «ең ықпалды» 50 бизнесменнің көшін бастап тұр. Құлыбаев соңғы рет бұдан бес жыл бұрын Қазақстандағы «ең ықпалды» бизнесмен атанған.


Басылым Құлыбаевтың ықпалының артуына Казкоммерцбанк пен «Халық банктің» бірігуі, «сақтандыру нарығындағы позициясының күшеюі, авиация саласы мен медицина бизнесінде табысқа жетуіне» үлес қосқанын айтады. Құлыбаев мажоритарлық акционер саналатын Gemini Mining B.V. компаниясы 2016 жылдың соңында ірі темір кен орнын игеретін «Ақтөбе Темір BC еншілес кәсіпорны» компаниясындағы 50 пайыз үлесін Qazaq Mining Llp компаниясына ондаған миллион долларға сатқан.


Бұған қоса, Құлыбаевтың «Алмэкс Плюс» компаниясы 49 пайыз акциясына ие «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) компаниясы 2016 жылы қыркүйекте Шанхайда Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен Атырау облысында алғашқы біріккен газ химиясы зауытын салу жобасы бойынша несие келісімін жасасқан.


Forbes Kazakhstan Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы ерлі-зайыпты Динара және Тимур Құлыбаевтардың әрбірінің дәулетін 2,1 миллиард долларға бағалайды.




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.01.2018, 17:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30