Нарық

Halyk Bank әлеуметтік желіде қарақшылардың пайда болғанын ескертті

  • Halyk Bank әлеуметтік желіде қарақшылардың пайда болғанын ескертті

    Halyk Bank әлеуметтік желіде қарақшылардың пайда болғанын ескертті

Instagram әлеуметтік желісінде қарақшылар "Қазақстан Халық банкі" АҚ атын жамылып, сауалнамадан өтіп, ақша ұтып алуды ұсынып жатыр, ұтыс 350 мыңнан 700 мың теңгеге дейін делінген. Банктің әкімшілігі қазақтандықтарға қауіп туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қарақшылық схеманың жарнамасы туралы Желі қолданушылары айтып, шағымданды.

"Ақша аударуды сұрайды, бірақ ештеңе төлемейді. Бұл аккаунттың мәліметтерін және ақша аудару шоттарын тексеруді құқық қорғау органдарынан сұраймыз", - деп жазды Facebook қолданушылары. Банктің әкімшілігіндегілер бұл жарнаманы қарақшылардың істеп отырғанын айтты. "Қарақшылардың хабарландыруларында Halyk Bank-тің корпоративтік түстері, әріптер, логотиптер, өнімдер мен қызметкерлердің суреттері, ойдан шығарылған тұлғалардың жалған пікірлері, "клиенттерді қолдау қызметінің" жалған номерлері қолданылады. Кибер-қарақшылардың сізді алдауына жол бермеңіз!", - деді банктегілер.

Компаниядағылардың айтуынша, "Халық банк" және "Халық" группасының өзге банктері өз клиенттері арасында ешқашан ақылы сауалнама жүргізбейді және бөтен интернет-сайттар арқылы клиенттерден мағлұмат жинамайды. "Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді құпия сақтаңыз және ешкімге айтпаңыз - интернет-банкингке шығу үшін логин және парольді, ұялы телефонның номерін, банк картаңыздың реквизиттерін (картаның номері, иесінің аты-жөнін, картаның уақыты мен CVV/CVC). Бейтаныс номерлермен хабарласып, банк қызметкерімен дегендерге сенбеу керек, растау үшін банк смс арқылы жолдайтын кодты айтпау қажет. Банк қызметкерлеріне мұндай мәліметтерді телефон арқылы сұрауға уәкілдік берілмеген", - деп ескертті компаниядағылар.

Көрілген: 593    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31