Нарық

Qazkom банктік лицензиясын өткізеді

  • Qazkom банктік лицензиясын өткізеді

    Qazkom банктік лицензиясын өткізеді

Qazkom банктік лицензиясын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Halyk Bank басқарма басшысы Үміт Шаяхметова мұны "екі банктің бірігуінің тарихи процесіндегі жоспарлы меже" деп атады.


"Бұл сәттің маңызын толық түсінеміз, сондықтан Qazkom клиенттері тек жақсы өзгерістер көруіне күш салып жатырмыз. Қос банктің командалары операциялардың Халық банкінде шоғырландыруда бірнеше ай еңбектеніп жатыр. Халық банкі Qazkom клиенттері мен контрагенттері алдындағы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Клиенттер есебі өткізілгеннен кейін Qazkom-ға банктік лицензия қажет емес. Сондықтан оны өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл активтер біріккеннен кейін болады, оған дейін Qazkom жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады" - дейді Үміт Шаяхметова.


2018 жылдың 14 маусымындағы Qazkom акционерлерінің кезектін тыс жиналысында лицензияны Халық банкіне ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылданды. Мұның алдында ҚР Ұлттық банкінен Qazkom-ды ерікті түрде Халық банкіне қосу туралы рұқсат алынған.


"Qazkom барлық мүдделі тұлғаларға банк қызметі өткізу актісіне қол қойылғанша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлауды керек деп тапты. Осы уақыттан кейін Qazkom банкінің барлық құқықтары мен міндеттері Халық банкіне өткізеді. Halyk Bank белгілі уақытқа "Казкоммерцбанк / Qazkom" брендін сақтай отырып, банк клиентері мен серіктестеріне қалыпты режимде қызмет көрсетеді", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.


2018 жылдың 20 сәуірінде екі банк акционерлерінің біріккен жиналысында Халық банкіне қосылу туралы шешім қабылданған. 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

жұма, 15.06.2018, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30