Нарық

АИ-92 бензині арзандады

  • АИ-92 бензині арзандады

    АИ-92 бензині арзандады

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «ҚазҰнайГаз» май құю стансаларында АИ-92 маркілі бензиніне деген бағаның бөлшек саудадағы бағасының төмендегені туралы хабарлады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.


«Бағаның арзандауы бір-бірімен байланысты бірнеше факторларға тәуелді. АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамының нығаюы Ресей Федерациясынан импортталатын отын бағасының төмендеуіне ықпал етті. Бұған қоса, Қазақстандағы АИ-92 маркасы қорының деңгейі нарықтағы көтерме саудадағы бағаның тұрақтануына әсер етеді. Аталған факторлардың байланысы «ҚазМұнайГаз» май құю стансалар желісіндегі бөлшек саудадағы бағаны төмендетуге мүмкіндік тудырды», – деді компания өкілдері.


Бұған қоса, өндіріс көлемінің өзгеруі, тұтыну, қордағы өнім көлемінің жағдайы, ҚР көтерме баға мен РФ-нан жеткізілетін импорт бағасы бөлшек саудадағы жағдайға әсер етуі мүмкін. Бұл ретте жекелеген мұнай өнімдерінің бағасы өсуі де ықтимал.


«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС жанар-жағармай материалдарының бөлшек саудадағы бірыңғай операторы.




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

жұма, 21.04.2017, 09:04

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30