Нарық

Ақтауда банк клиенттен комиссия үшін алған 400 мың теңгені қайтарды

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Ақтауда банк клиенттен комиссия үшін алған 400 мың теңгені қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық № 2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Cот ақтаулық тұрғын мен банк өкілдерінің 2015 жылы келісімшарт жасасқанын анықтады.


Құжатқа сәйкес, банк 3 миллион теңге көлемінде несие берген. Бірақ клиент ай сайын банк қызметіне 12 мың теңге төлеп тұрған. Осылайша, ол комиссия үшін жалпы сомасы 428 400 теңге төлеген.


"Өтініш берушінің талаптары құқықтық нормаларға сәйкес заңды деп танылды. Ал банк тарапнынан тұтынушы құқығының бұзылғаны анықталды. Себебі банк клиентке ай сайын комиссиялық төлем жасап отыруға міндеттеген", - деп хабарлады соттағылар.


Соттың шешімімен банк клиенттің ақшасын толықтай көлемде қайтарды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31