Нарық

Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

  • Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

    Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

ForteBank – елдің ірі және тұрақты банктерінің бірі. Бүгін қол қойған стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум бірлескен жобаларды іске асыру үшін негіз болады және біздің өңірдің экономикалық дамуына өзінің қомақты үлесін қосады деп ойлаймыз, деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев екінші деңгейлі банк бөлімшесінің ашылу рәсімінде.

Ақтөбеде барынша жайлы әрі озық технологиялар орнатылған ForteBank жаңа бірегей бөлімшесі салтанатты жағдайда қызмет көрсетуді бастады. Банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвилидің айтуынша, «ForteBank елдің барлық өңірлерінде жаңа форматтағы жоғары технологиялы бөлімшелерін ашуды жалғастыруда. Қаржы ұйымы өткен жылы Қазақстанның сегіз қаласында жаңартылған офистерін таныстырған. Биыл тағы төрт филиалын ашуды жоспарлап отыр.

«Біздің офистер, The Financial Brand (АҚШ) басылымының хабарлауынша, әлемдегі банк бөлімшелерінің үздік дизайындарының қатарынан табылды. Біз өз клиенттеріміздің өмір сүру сапасы күннен күнге жақсаруы үшін инновациялар мен технологияларға көп көңіл бөлеміз. Жаңа сервистер құра отырып, кезекте тұруды болдырмауға және банкпен барлық өзара іс-қимыл барысын барынша тартымды, жайлы және пайдалы етіп жасауға ұмтыламыз», - деп атап өтті Гурам Андроникашвили.




Жаңартылған офистер - ForteBank заманауилығы мен инновациялылығының маңызды көрсеткіші. Интерьердің тұжырымдамасы мен стилі италиялық DINN дизайнерлік компаниясының кәсіби мамандарымен мұқият әзірленді. Офистің құрылымында клиенттерді кезекте тұрудан босататын өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары, банкоматтар мен терминалдарға тәулік бойы қолжетімділік қарастырылды. Банк консультанттары ForteBank мобильдік қосымшасының көмегімен онлайн-қызметтерді қалай пайдалану керектігін егжей-тегжейлі айтып береді, ол өзінің интуициялық достық интерфейсімен таңқалдырады, өте қолайлы әрі түсінікті, пайдаланушы ешкімнің көмегінсіз бағдарламамен қалай жұмыс істеу керектігін бірден түсінеді.

Банктің мобильдік қосымшасы елдегі барлық банк карталарының пайдаланушылары үшін ашық. Кез келген банктің клиенті бола тұрып, сіз ForteBank қосымшасын жүктей аласыз және барлық қызметтерді пайдалана аласыз. 2017 жылы банктің мобильдік қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Markswebb талдамалық агенттігінің хабарлауынша ТМД-дағы 10 үздіктің қатарында танылды. Қазақстанның барлық банктерінің төлемдік карталарын пайдаланушылар үшін ForteBank мобильдік қосымшасында 350-ден астам қаржылық қызметтер қол жетімді. Банктің сервисін 100 мыңнан астам қазақстандық бағалады. Мобильді қосымша арқылы ай сайын 2 млн-ға жуық транзакция жасалады.

Салтанатты ашылу рәсімінде ForteBank пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында өңірдің дамуына ықпал жасайтын жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халыққа сапалы банк қызметтерін көрсетуге қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Бүгінгі таңда ForteBank елдің ірі және тұрақты банктерінің бірі. Біз Ақтөбеде ForteBank филиалының жаңа әрі қазіргі заманауи офисінің ашылғанына қуаныштымыз. Бүгін қол қойған стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум бірлескен жобаларды іске асыру үшін негіз болады және біздің өңірдің экономикалық дамуына өзінің қомақты үлесін қосады деп ойламыз», - деді өз кезеңінде Бердібек Сапарбаев.

Қазірдің өзінде банк өңірде халыққа және компанияларға қызмет көрсету бойынша көшбасшы орындарға нық сеніммен шығуда. ForteBank облыстық филиалының клиенттерінің 35 000-нан астамы жеке тұлғалар болса, 3000-ға жуық кәсіпкерлер.

ForteBank – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы, ал Ақтөбе облысындағы филиал бірнеше рет бөлінген қаражаттарды игеру қарқыны бойынша көшбасшы болды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша 4 млрд. теңге сомаға 20 жобаны қаржыландырды.

 



Көрілген: 427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 16:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31