Нарық

Ақылы автотұрақ қызметінің айыппұлын қалай тексеріп, төлеуге болады?

  • © 24.kz

    © 24.kz

2018 жылдың мамыр-маусым айында Астанадағы автокөлік иелері Нұржол бульварындағы ақылы тұрақтың қызметіне төлемегені туралы айыппұл ұйғарымдарын ала бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.


Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасы айтқандай ескерту алған автокөлік иелері өздерінің айыппұлдарын төмендегідей әдіспен тексеріп, төлей алады: egov.kz электронды үкімет порталының көмегі арқылы онлайн режимі, qamqor.gov.kz сайты (қандай бұзушылық жібергенін суретімен қоса көруге мүмкіндік бар), «Қазпошта» АҚ немесе есеп-айырысу бөлімдері.


Әкімшілік құқық бұзушылық бірыңғай реестрі мен банктің төлем жүйесін біріктірудің арқасында, айыппұлды қолма қол төлеу кезінде төлегені туралы хабар бірден базаға келіп түседі. Айыппұлды осылай төлеген жағдайда бюджеттік классификация кодын (КБК) көрсетуі қажет, яғни 204106 кодына айыппұл аударылады.


Егер КБК дұрыс көрсетілмеген жағдайда айыппұл төленбейді.


Қазіргі таңда аталмыш жүйеге екінші деңгейлі 17 банк тіркелген. Бұдан басқа, айыппұлды қолма қол ақшалай түрде Kaspi және QIWI әмиян төлем сервисі терминалдары арқылы да төлеуге болады.


Ал төлемнің қолжетімді баламалы түріне келсек, Qazkom төлем картасы барлар homebank.kz. сайты арқылы айыппұлды төлей алады. Ең ыңғайлы тәсіл – Kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay, homebank.kz. мобильді қосымшасы арқылы ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл төлеу. Telegram мессенджері арқылы айыппұл барын тексеру үшін @KazPostBot атауы бар парақшаны теріп, әрі қарай нұсқаулықты орындау қажет.


Жоғарыда келтірілген ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлды төлеу тәсілдерінің бәрі де әкімшілік полиция бөлімшелеріне айыппұлды төлегені туралы түбіртекті әкеліп көрсетудің қажеті жоқ. Айыппұлдың төленгені туралы хабарлама автоматты режимде бірыңғай әкімшілік құқық бұзушылық реестрінің ақпараттық жүйесіне жолданады.


Автокөлік иелерінің назарын маңызды бір сәтке аударғымыз келеді: кез келген төлем мен айыппұлды тексеру транспорт құралының тіркелген номері мен транспорт құралы туралы куәліктің номері (ТҚТК) арқылы жүзеге асырылады.


Осыған байланысты, автокөлік иелеріне ТҚТК мәліметтері мен оған қоса құжатта көрсетілген тұрғылықты мекенжайыңызды тексеріп, қажет болған жағдайда жаңартуыңыз керек.


24.kz


 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31