Нарық

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алыпқашпа әңгімеге түсініктеме берді

  • © Sputnik

    © Sputnik

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Qazkom-ның банкроттығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Qazkom бойынша бірнеше рет банк банкротқа ұшырады деген сықылды алыпқашпа әңгіме тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді", — деді Ақышев бүгін үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.


Ұлттық банк төрағасы биыл жазда банкті сауықтыру бойынша мәміле жасалғанын еске салып өтті.


"Банк қазір толықтай барлық пруденциалдық нормативтерді орындап жатыр. Банк төлем қабілеттілігінің қажетті қорын қамтамасыз етуде. Проблемалық портфельді акционерлер мен банк менеджменті мақұлдады. Сондықтан бұл жағдайда Qazkom тұрақты институт және айтарлықтай тартымды болып табылады", — деді төраға.


Банктің тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша алаңдауға еш негіз жоқ, деп түйді сөзін Ақышев.




 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.11.2017, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30