Нарық

Ақышев туристер үшін қандай жағдайда сақтандыру құжатының жұмыс істейтінін түсіндірді

  • © za-strahovanie.ru

    © za-strahovanie.ru

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында шетелге шығатын туристерді сақтандыру схемасын өзгерту көзделеді.


Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді,деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы атап өткендей, қазір туроператордың қателескені дәлелденсе ғана туроператордың жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандыру құжаты жұмыс істейді.


«Бірақ бұл жағдай сирек кездеседі. Турист, әдеттегідей, негізінен денсаулығына зиян келтірілуге байланысты өзінің проблемаларымен жалғыз қалады», - дейді ол.


Д. Ақышевтың айтуынша, заң жобасы схеманы өзгертуді көздейді.


«Туроператор жолдаманы сату кезінде туриске сақтандыру сертификатын беруге міндетті. Сақтандыру сертификатында шетелдегі медициналық қызметтер бойынша көмекті тәулік бойы ұйымдастыратын халықаралық компаниялардың деректері көрсетіледі. Шетелде сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру компаниясы медициналық қызметтерге ақы төлеу, шұғыл медициналық көмек және репатриациялау бойынша шығыстарды өтейді», - деп түсіндірді ол.


Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының ақпараты бойынша, туроператор үшін сақтандыру құны жоғары болмайды - күніне 320-330 теңгеге жуық 3-16 млн теңгеге дейін шығындар сақтандырылады.






 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 14:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31