Нарық

Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр

  • Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр

    Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр

Америкалық мұнай институты (API) мәліметтерді жарияланғаннан кейін әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр. Олар АҚШ-та өткен аптада шикізат өнімдері қорының тағы да өсіп жатқан көрсеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.


Астана уақытымен 11:05-те қаңтар фьючерстері Brent маркалы мұнай қоспасы 0,18 пайызға төмендеп, бір баррель 72 доллар болған. Желтоқсандағы фьючерстер WTI маркалы мұнай бағасы 0,48 пайызға төмендеп, бір баррель - 61,91 доллар болды. Сәрсенбіде инвесторлар API мәліметтерін қарап, 2 қарашада АҚШ мұнай қоры 7,8 миллион баррельге көтерілгенін байқаған. Енді сауда ұйымы АҚШ Энергетика министрлігінің қор туралы ресми мәліметтерін күтіп отыр. Сарапшылар қордың 2,43 миллион баррельге өсетінін жоспарлап отыр. Ал өткен аптада бұл көрсеткіш 3,217 миллион баррель болған еді. Сонымен қатар, мұнай бағасына Вашингтонның Иранға қойған санкцияларының да әсері бар. Иранға қатысты қосымша санкциялар (мұнай экспорты) 5 қарашадан бастап күшіне енді. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонның мұнай санкцияларын уақытша Қытай, Үндістан, Италия, Грекия, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Түркия үшін алынатынын мәлімдеді.

 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 19:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30