Нарық

"Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша баспана алатындардың тізімі шықты

  • "Алматы Жастары" бағдарламасы бойынша баспана алатындардың тізімі шықты

 Алматыда "2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы" аясында жастарға арналған "Алматы Жастары" тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті. Мұнда 35 жасқа дейінгі жастарға жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғын үй комиссиясының шешімімен бағдарламаға қатысушы 200 адам анықталды, олардың барлығы "Алматы Жастары" бағдарламасының іріктеу шарттарынан ойдағыдай өтіп, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" іріктеуіне ие болды. Осыған қатысты тізім www.almaty-zhastary.kz порталында жарияланды.


"Алматы Жастары" жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2017 жылы басталды. Сол кезде жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген болатын. Түскен 6657 өтініштің 108-і тұрғын үй заемдарын алды. 2018 жылы "Алматы Жастары" жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінді. "Алматы Жастары" бағдарламасының құндылығы төмен проценттік көрсеткіште, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 10 миллион теңгеге дейін заем беріледі. Несиені қайтару мерзімі әркімнің төлеу қабілетіне қарай жеке жүргізіледі, 3-тен 25 жылға дейін.


kaz.tengrinews.kz.




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 19:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31