Нарық

Алматы жастары қолжетімді баспанаға ие бола алады

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Алматылық жастар тиімді шарттардан тұратын жеңілдетілген тұрғын үйге қол жеткізе алады, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Қала əкімдігі баспасөз қызметінен Алматы қаласында «2020 жылға дейін жастарды қолдау жол картасы» аясында «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылғанын хабарлайды. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі кез келген санаттағы алматылықтарға өз пәтерін сатып алу үшін жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.


"Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды. 2018 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.


«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушылар жылдық мөлшер 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен несие ала алады.


Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта жеке жасалынады. Бағдарлама аясында несиелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Несие тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді, оны бағдарлама қатысушысы өз бетінше таңдайды", - деді əкімдік баспасөз қызметінен.


Сондай-ақ, 2018 жылы бағдарламаға бірқатар жаңартулар енгізілген.


Бірінші балаға 10 балл, ал әрбір келесі балаға 20 балдан есептеледі. Балдық жүйеде хабарландыру шыққаннан бастап некеде 1 жыл тұрған жас жұбайларға 30 балл бөлу қарастырылған.


Ағымдағы жылы шілденің 9-ы мен 20-сы аралығында бағдарлама аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.


Бағдарламаға қатысу туралы өтініш www.almaty-zhastary.kz арнайы порталы арқылы қабылданады.


«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті www.almaty-zhastary.kz сайтынан, Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы (www.uzh-almaty.kz) және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) телефондары: 300 немесе 8-8000-801-880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380 05 23 арқылы білуге болады.


 




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

жұма, 29.06.2018, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30