Нарық

Алматы көшелеріне 2022-ші жылы трамвайлар қайта оралады

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Алматы көшелеріне 2022 жылы трамвай қайта оралады. Жеңіл рельсті жолаушы тасымалдаушы көлігінің ескі трамвайлардан ерекшелігі - шусыз, әрі заман талабына сай жаңа болмақ. Мұны «АлматыЭлектроТранс» серіктестігінің LRT жобасы бойынша атқарушы директоры Ғани Тәжиев айтты.


Оның сөзіне сүйенсек, 130 миллиард теңгеге бағаланған жоба бүгінде толық мақұлданған. Енді екі кезеңдік іріктеу конкурсын өткізу жоспарға қойылып отыр. Яғни, шілде айының соңында немесе тамыз айында алғашқы байқау жарияланса, содан іріктелген компаниялардың біріне желтоқсан айында таңдау жасалмақ.


Ал келесі жылы мамырда құрылыс жұмыстары қолға алынады.


22 шақырым 700 метр болатын жеңіл рельсті трамвай жолы «Алматы арена» мұз сарайы мен «Саяхат» автовокзалын қосады.


Қосымша бір тармағы Қалқаман шағын ауданындағы жоспарланып отырған метро станциясына дейін созылмақ.


Әр 4 минут сайын 35 аялдамаға тоқтайтын транспортқа 30-дан аса вагон қызмет көрсетпек.


Ғани Тәжиев, «Алматыэлектротранс» ЖШС LRT жобасы бойынша атқарушы директоры:


- Бұрынғы трамвайлар кішірек болатын. Бір секция деп айтамыз. Қазіргі трамвайлар жаңа. Олар 3 секциядан тұратын болады. 210 адамдай сиятын болады. Сосын мүгедек адамдарға пайдалануға ыңғайлы. Кіріп шыққанына, өйткені ол төмен. Сосын шулы болмайды. + 04-46 Жеңіл рельстегі көлік бүкіл әлем бойынша пайдалануда. Дәл қазір 388 қалада бар. 15 мың шақырымдай бар. Жылына 13 млрд-тай адамдар тасымалдайды.


Ғани Тәжиев жобаға жоспарланған қаражат екіге бөлінетінін айтты. 50 пайызы жергілікті бюджеттен қарастырылса, қалған 50 пайызы жеке компанияға жүктелмек.


Сондай-ақ, байқаудан іріктелген компания трамвай желісі іске қосылғаннан кейін оның жұмысына 23 жыл бойына жауапты болатынын жеткізді.


astanatv.kz


 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30