Нарық

Алматы облысындағы бақылау пункті жүргізушілерден заңсыз алым-салық алған

  • © Sputnik / Кирилл Каллиников

    © Sputnik / Кирилл Каллиников

Алматыда кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі отырысында Алматы-Ташкент жолындағы заңсыз бақылау пунктіне қатысты оқиға талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Сәуірде пайда болған ақпаратқа сәйкес, белгісіз тұлғалар Алматы – Ташкент жолындағы Үшқоңыр автобекеті маңындағы бақылау-өткізу пунктін қолға алып, тасымалдаушылардан алым-салық талап еткен. Жүргізушілер төлеуден бас тартса, автобусты тұраққа қойып, жолаушыларды түсірген. Адамдар Алматыға өз беттерімен жетуге мәжбүр болған.


Алматы облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Нұржан Алмасбеков оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның мәліметінше, 20 сәуірден бері "Үшқоңыр" автобекетінде автобустардың тоқтатылу жайты тіркелмеген.


"Автобустардың "Үшқоңыр" автотұрағына заңсыз қойылғаны рас. 19 сәуірде өзім барып қайттым. Заңсыз әрекет жасаған тұлғаларды анықтадық. Екеуін әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалған", — дейді полицей.


Ол ахуалдың бақылауға алынғанын мәлімдеді. Түнде пункт орнында полицейлер кезекшілік етеді екен.


Соған қарамастан, Алматы кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, проблема толыққанды шешілмеген көрінеді.


"Қарасай ауданында сол бағдар бойынша жаңа тасымалдаушы пайда болса таңғалмаспын. Рейдерлік тартып алу болып жатқанға ұқсайды. Сол себепті ішкі істер органдарынан сұрайтыным, бұл мәселені заң тәртібін бұзушылық тұрғысынан ғана емес, рейдерлік тартып алу бойынша да қарастырыңыздар. Бөгде біреулер тасымалдаушыны бағдардан бас тартуға мәжбүрлеген. Бұл мәселенің түбіне жету керек", — дейді ол.


"Сайран" автовокзалының заңгері Назира Сайханованың айтуынша, тасымалдаушы Алматы — Ташкент халықаралық автобус рейсінен бас тартып, инвестициялар және даму министрлігіне хабар берген екен.


 


 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31