Нарық

Алматы тұрақтарында 12 мың теңгелік абонемент енгізілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы ақылы тұрақтарында бірыңғай абонемент енгізілді. Енді жүргізушілер жабық тұрақтарда да, тротуар бойындағы тұрақтарға да айына 12 мың теңге төлеп кез-келген уақытта қоя алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ұзақ талдаудан соң қала бойынша бірыңғай абонемент жасау туралы шешім қабылданды. Енді жүргізушілер кез келген жерге 12 мың теңгеге көлігін қоя алады. Ал жеңілдік алатын санаттарды бізге Алматы әкімдігі белгілеп берді. Арнайы тіркеуден соң жүргізушілер ақы төлеуден босатылады», - деді компания директоры Марат Пірінбеков.


М.Пірінбеков қала тұрғындары тарапынан көптеген наразылық туып отырғанын да айтты.


«Ақылы тұрақы бар аудандарда тұрғындар көлік қоя алмай қалды. Олардың көпшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді тұрғындар айына 1 мың теңге төлеп, резиденттік келісімге отырады. Сонда 6 айда тұрғындар 6 мың теңге төлеп, көліктерін тұраққа қоя алады», - деді ол.


Ол үшін тұрғындар «Алматы СпецТехПаркингСервис» ЖШС кеңсесіне келіп, резиденттік келісімге қол қоюы керек.


Оның айтуынша, биыл бір айға төлегенде көше бойындағы тұрақ орнының бағасы 18 мыңнан 12 мыңға төмендеген. Сонымен қатар, биылдан бастап паркоматтар артық ақшаны қайтаратын болады.


«Паркоматтардың артық төлемді қайтармайтыны проблема. Бұл туралы наразылықтар өте көп. Бірақ паркомат банкомат емес. Әйтпесе, вандализм бар, оңай олжаға кенелгісі келетіндер де аз емес. Бұрын паркоматтар тек тиын қабылдайтын. Енді аппараттар қағаз ақша да алатын болды. Жақында паркоматтар төленген артық ақшаны мобильді телефонға қайтаратын болады. Ол үшін жүргізушілер мобильді қосымшаны жүктеуі тиіс», - деді Марат Пірінбеков.


 




Көрілген: 275    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 13.02.2018, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28