Нарық

Алматыда ашылатын жаңа 10 кәсіпорын қанша адамды жұмыспен қамтиды?

  • Алматыда ашылатын жаңа 10 кәсіпорын қанша адамды жұмыспен қамтиды?

    Алматыда ашылатын жаңа 10 кәсіпорын қанша адамды жұмыспен қамтиды?

Алматының индустриалды аймағында биыл 10 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, деп хабарлады Алматы" телеарнасы.


Телеарнаның мәліметінше, жобалар машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, тамақ және химия өнеркәсібіне бағытталған. Олардың жалпы құны 58 миллиард теңгені құрайды. Осы жылы іске қосылатын өндіріс ошақтарының қатарында шетелдік инвесторлардың да жобалары бар. Мәселен, жапондықтар аймақтан құрылыс материалдарын шығаратын зауыт ашса, ресейліктер кабель өнімдерін жасауға құлшынып отыр екен. Ал құны 33 миллиард теңгені құрайтын тағы бір кәсіпорын диаметрі кең құбырлар шығаратын болады. Қытайлық капитал негізінде іске қосылатын бұл зауыт 40 пайыз импортты алмастырады деп күтілуде. Бұған қоса, алдағы уақытта табиғатқа залал келтіретін қала ішіндегі ірі зауыттарды да индустриалды аймаққа көшіру көзделіп отыр. "Біздің мақсат - индустриалды аймаққа, біріншіден, өзіміздің, қала көлемінде жұмыс істеп жатқан, әсері үлкен өнеркәсіп мекемелерін сол жерге жылжымалы түрде көшіру мәселесі. Себебі, олардың технологиялары озық технологияға сай емес. Қала алаңында экология мәселесі қиын. Сондықтан экология саяси барысында біз ол үлкен мекемелерді бүгінгі таңда жұмыс жасап, жоспарда сол Индустриалды аймаққа көшіру мәселесін көтеріп жатырмыз", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев. Сонымен қатар, биыл "Алатау инновациялық технологиялар паркін" дамытудың жаңа бағдарламасы жасалады. Өйткені, 163 гектардан асатын экономикалық аумақтың 50 гектардан астам телімі бос тұр. Ол жерде ІТ технологияларды дамытып, қалаға қажетті жобалар жасайтын өнеркәсіптер ашу көзделген. Жаңа бағдарламаны жасақтауда студенттердің де стартап жобаларына мән беріледі. "Бұл алаңда қазіргі таңда 135 компания жұмыс істеуде. 63 компания экстриалтелдық түрінде жұмыс істеп жатыр. Осы мәселелер енді заң асында шешілуі тиісті. Бірақ негізгі біздің мақсат - ол компаиялардың санын көбейту. Яғни, ол компаниялардың технологиялары біздің қалалық проблемаларды шешуге арналған технология болуы керек. Және де біздің экономикалық ең маңызды - біздің салық базасы мен жұмыс орындарын ашу мәселесі болу керек", - деді Мәдиев.

 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сенбі, 21.04.2018, 18:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30