Нарық

Алматыда «iPhone»-ның дәлме-дәл көшірмесін жасап келген цех әшкереленді (видео)

  • Алматыда «iPhone»-ның дәлме-дәл көшірмесін жасап келген цех әшкереленді (видео)

    Алматыда «iPhone»-ның дәлме-дәл көшірмесін жасап келген цех әшкереленді (видео)

Алматыда «iPhone» маркалы жалған смартфондар жасап келген цех жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері «Аэровокзал» сауда орталығы аумағынан «iPhone» маркалы телефондар құрастырып, қаттап жатқан топтың қызметін әшкереледі.


Жедел-іздестіру шарасы аясында заңсыз тауарды Қазақстанның өзге аймақтарынан келген жеке тұлғаларға, сондай-ақ Алматыдағы Орталық универсал дүкеніне (ЦУМ - авт.) өткізіп келген саудагерлер ұсталды. Анықтау барысында 30 дана «iPhone» телефоны тәркіленді.


Сарапшылардың айтуынша, Алматыда құрастырылған заңсыз телефонды түпнұсқадан ажырату өте қиын. Себебі, смартфонды құрастыру барысында жедел жады мен «орталық процессердің» түпнұсқасы қолданылған. Алайда, гаджеттің өзге бөлшектері жалған әрі арзан бұйымдардан тұрады.


Іс бойынша, ҚР ҚК 222-бабымен (тауар белгісін заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін іс сотқа жолданады.


 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 25.09.2017, 20:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28