Нарық

Алматыда жұмысшыларға жалақыны азық-түлікпен берген

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Айлықты азықпен алғандар! Алматыдағы «Hi Tech logistics» компаниясының қызметкерлері жалақыларының жырымдалып қана қоймай, соңғы кезде азық-түлікпен берілетінін айтып наразылықтарын білдіруде. Тіпті, соңғы үлестірген өнімнің жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті.


Компания өкілдері болса, жаланы керісінше жұмыскерлердің өзіне жауып отыр. Айтуларынша, қоймада ұрлық жиілеген. Тіптен, қылмыстық іс те қозғалыпты. Сондықтан, айыптан жалтару үшін жұмысшылар осындай әрекетке баруы мүмкін деген пікірде.


Алып қоймалар орналасқан компания аумағына расымен кіру қиын. Іштегі қызметшілердің бей-берекет тысқа шығуына да рұқсат жоқ. Құдды бір стартегиялық нысандағыдай тәртіп күшті. Әйтсе де сол тәртіпті бақылайтындардың өздері айлыққа жарымай жүр. Басқа жұмысшыларға да соңғы рет еңбекақыларының бір бөлігінің орнына осында сақталатын азық-түлікті беріпті. Онда да мерзімі өтіп кеткен өнім таратылған.


Серік Қалиев, компания қызметкері:


-Бала-шағамызды улай алмаймыз ғой.1543 Дұрыс емес, конечно дұрыс емес. 60 мыңдай аламыз. Оның 16 мыңын алса бізге не қалады. Бала-шағаның тамағы бар, кредит бар. Проезд бар. енді оны қалай түсіндіреді? түсіндіргенде аласыңдар дейді, болды.


Басшылық бассыздығын айта жөнелген қызметшілердің сөзін компания өкілдері бірден жоққа шығаруға тырысты. Олардың айтқаны шындыққа жанаспайды деп ақталды.


Ал, қойма басшылығы былтыр қоймада 40 млн теңгенінің тауары қолды болды дейді. Жұмысшылар жала жапты деген директор, наразылық білдіруді сол айыптан жалтарудың амалына балайды.


Михаил Шамаков «High Tech Logistics» компаниясының директоры:


- Бізде әлі күнге дейін ашылмаған екі қылмыстық іс бар. Арызды 2016 жылы жазғанбыз. Тергеушілер тарапынан ешқандай қабылданбады. Олардың атына үш рет бас прокуратураға, облыстық прокуратураға арыздандық. Біз заңға сәйкес жалақы төлейміз. Азық-түлікпен береді деген бос әңгіме.


Аталмыш ұрлық бойынша полицияға арыз жазылған. Бірақ, қанша уақыт өтсе де әзірге ұсталған ешкім жоқ екен.


Жанар Төлегенқызы, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:


-Аталған қылмыстық істі ашу мақсатында жедел іздестіру топтары құрылып, мақсатылы жұмыс істеуде. Бұл қылмыстық іс Алматы облысы ІІД тергеу басқармасының ерекше назарына алынған. Қазіргі уақытта осы іс бойынша күдікті тұлғаларды ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.


Екі тараптың да айтар өз шындығы бар. Қызметшілер айлықты азықпен беру бассыздығын тоқтатуды қалайды.


Ал, компания басшылығы жала мен айып текетірескен бұл істің құзырлы органдар мән-жайын анықтап, нүктесін қоюы тиіс деген пікірде. Сонда біраз шындықтың беті ашылар еді дейді.


Бірақ, қоймадағы ірі көлемдегі ұрлыққа қатысты іс бір жылдан асты, белгісіз себептермен әлі күнге орнынан жылжымай тұр.  


ktk.kz




Көрілген: 410    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 27.10.2017, 14:59

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30