Нарық

Алматыда көпқабатты үйлердің алдына көлік қою ақылы болуы мүмкін

  • Фото: inalmaty.kz

    Фото: inalmaty.kz

Алматыда көпқабатты үйлер алдына көлік қою енді ақылы болуы мүмкін. Бұл жаңашылдық Алматы қаласындағы жеке көлік тұрақтарын басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС биылғы жоспарында бар екен деп хабарлайды InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Осыған дейін көпқабатты үйлер алдына көлігін тегін қойып келген халық енді ол үшін де ақша төлеуі мүмкін.


"Көлік тұрағы үшін айына 1000 теңге төлеу резиденттік келісім болып саналады. Келісімді алты айға бекітіп, 6000 теңге төлеп отырады. Бұл жаңашылдықтан ұтарымыз көп. Тұрақта көлік саны азаяды", - дейді "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС бас директоры Марат Пірінбеков.


Сондай-ақ кей тұрғындардан қала бойынша көлік қоюға болатын абонемент енгізу туралы да ұсыныс түскен екен.


"Біз шешім қабылдадық. Қала бойынша абонемент 12 мың теңге тұрады. Мүгедектер мен әкімшілік бекіткен санаттыға басқа да адамдарға жеңілдіктер жасалады", - дейді директор.


Оның айтуынша, көздеп отырған негізгі мақсаттары - қаладағы көліктерді ретке келтіріп, бөгеу шараларын ұйымдастыру екен.


Алайда "Алматы спецтехпаркинг сервис" басшысының жаңашылдығын халық жанашырлық деп қабылдамай отыр. Олар әлеуметтік желіде наразылығын білдіріп, мұны "өз жемін өзіне қуырып сату" деп бағалауда.



 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.02.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30