Нарық

Алматыда қыруар қаржы бөлінген паркоматтар істен шығып жатыр

  • © Колёса

    © Колёса

1 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған жоба! Алматыдағы әлегі көп ақылы тұраққа осынша қаржы бөлінсе де, шешілмеген мәселе шаш етектен.


Себебі, қатты аяздың кесірінен қаладағы 16 арнайы аймақтағы ақша төлейтін 132 паркоматтың 27-і қатып, істен шыққан екен. Сондай-ақ, ақшасын дер кезінде төлейтін, төлемесе айыппұл арқалайтын жүргізушілер ақылы тұрақтағы көліктерінің қауіпсіздігіне алаңдаулы. Себебі, әлемдік тәжірибені алға тартқан құзырлы компания өкілдері, бұл аумақта қаңтарылған көліктердің қауіпсіздігіне жауап бермейміз дейді.


Әрине, ақылы тұрақтан бір жыл ішінде түскен қаражат көлеміне көз салсаң, жобаның «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» деп айтуға болатын шығар. Былтыр жол шетіндегі және жабық тұрақтардан 659 миллион теңге жиналыпты. Тіпті, қалалық бюджетке салық есебінде 269 миллион теңге түсіпті. Қазір қала бойынша ақылы тұрақтардағы орынның саны 11 мыңға жетіп отыр. Құзырлы компания өкілдері жобаны оңтайландыру барысында бірқатар шаралар атқарып жатырмыз дегенімен, өздерінің міндеттеріне жатпайтын жәйттарды да айтып қалды.Мәселен, қала ішінде қолайлы жағдай туғызып, тіпті заңсыз көлік тұрағын ығыстыруға бағытталған жобада қауіпсіздік шарасы ешқашан қарастырылмаған. Яғни, қанша жерден ақшасын төлесеңіз де, көлігіңізді біреу тонап, немесе түйреп кеткенде ешкім жауап бермейді.


Марат Пірінбеков, «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС бас директоры:


-Ешқандай қауіпсіздікке біз жауап бере алмаймыз. Бұл әлемдік пркатикада бар нәрсе, ешкім ештеңеге жауапты емес. Егер тек шлагбаум тұрған жерлерге кіретін болса, ол жерлерде ғана жауапкершілік бар.


Осы айтылған мәселені шешу жолында сақтандыру компанияларымен келіссөздер де жүргізіліпті. Ол үшін 10 пайыз қосымша төлем жасалуы керек екен. Сақтандыру компаниялары сонда ғана қауіпсіздік үшін келісімге келуге болатынын айтыпты. Алайда, әзірге барлығы сөз жүзінде қалып отыр.


Иә, бір қуанарлығы биыл ол мәселе шешімін табуы мүмкін. Себебі, бұдан былай көлік жүргізушілері паркоматқа келгенде 100 немесе 50 теңгелік темір ақша іздеп әуреге түспейді. Жақын күндері қағаз ақша қабылдайтын пакроматтар орнату қолға алынып жатыр. Бірақ, қалдық ақша ұялы телефонға бірлік есебінде қайтарылады. Дегенмен, ақылы тұрақ жобасында өзге де елдің көңілін күпті еткен сұрақ көп. Мысалы, соңғы уақыттары айлық абономентті алдын ала төлесе де, айыппұл арқалайтындардың қатары артқан. Алайда, мамандар бар кінәні жүргізішулірге аудара салды.


Марат Пірінбеков, «Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС бас директоры:


-Төлейді де, активизация жүргізбейді. Активизация жүргізбегеннен кейін біздің базада көрінбейді. Ондайлар әлі күнге дейін көп. Ондайлар келгенде, біз отмене жасаймыз. Бізде ГАЙ-мен ондай келісім бар.


Биыл күшіне мінген қатулы қыстың қаһары ақылы тұрақтарды шарпыған секілді. Себебі, қала бойыынша орналасқан 132 ақша төлейтін паркоматтың 27-і суықтан қатып, істен шығыпты. Демек, жобаны іске асырушыларға техникалық жабдықтарды әлі де жетілдіре түсуге тура келеді. Сондай-ақ, алматылық көлік жүргізушілері ақылы тұрақтан өзге орын таппай, тағы да тығырыққа тірелетін түрі бар. Себебі, бұған дейін арнайы аймақта 11 мың орын болса, биыл оны 15 мыңға дейін жеткізу көзделген. Мұның өзіндік себебі де бар секілді. Өйткені, 2016 жылдың ортасынан бері ақылы тұрақ жобасына 1 миллиард 302 миллион теңге бөлінген. Ал, жоба әзірге өз-өзін ақтамай отыр деген мамандар, осы арқылы да кеткен есенің орнын толтыруды жөн санапты.


Мамандар, олқылықтар уақыт өте келе оңалады дегенімен, миллиондап кіріс кіргізіп отырған жобаның жұртқа жайлы болғаны ең басты көрсеткіш болмақ. Бірақ, жаз басқан жүргізушілерді аяп жатқан ешкім жоқ. Мәселен, былтыр ақы төлеуден жалтарғандарға 128 миллион теңіге айыппұл салыныпты. 


ktk.kz




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.02.2018, 09:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31