Нарық

Алматыда пәтерін заңсыз жалға беретіндердің мүлкі тәркіленетін болады

  • ФОТО: NUR.KZ ЖӘНЕ LIVEJOURNAL/ИЛЬЯ ВАРЛАМОВ

    ФОТО: NUR.KZ ЖӘНЕ LIVEJOURNAL/ИЛЬЯ ВАРЛАМОВ

Алматыда үйлердің подъезі мен коттеждердің ауласына пәтерін заңсыз жалға берушілердің айыппұл төлейтіні немесе мүлкі тәркіленетіні туралы хабарламалар іліне бастады деп хабарлайды NUR.KZ.


Мемлекеттік кіріс туралы департамент 2 қазаннан бастап пәтерін заңсыз жалға берушілерді тексере бастайды. Жергілікті полиция мен департамент өкілдері үйі мен пәтерін жалға беріп отырғандардың ісі қаншалықты заңды екеніне көз жеткізбек.


Тіркелмеген пәтер иелері айыппұл төлеу туралы хаттама толтырып, іс насырға шапса мүлкі тәркіленеді.


"Әкімшілік айыппұлдың көлемі - 15 АЕК, яғни, 34 035 теңге. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті заңсыз жүргізіп отырғандың дүние-мүлкі сот шешімімен тәркіленеді", - делінген хабарламада.


NUR.KZ тілшісімен байланысқа шыққан Мемлекеттік кіріс жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. Алайда, олар пәтерін физикалық тұлғаларға жалға беретіндерді қатты уайымдамауға шақырды. Олардың мүлкі тәркіленбейді, тек ескерту алған жағдайда ғана айыппұл төлейді.


Ал пәтерін немесе коттеджін өзге кәсіп иелеріне заңсыз жалға беріп отырғандардың жағдайы қиындық түспек. Атап айтар болсақ, кафе, сұлулық салоны және дүкендерге өз мүлкін заңсыз жалға бергендер енді қатаң тексеріле бастайды. 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 22.09.2017, 12:35

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30