Нарық

Алматыда трамвайлар сатылымға шығарылады

  • Алматыда трамвайлар сатылымға шығарылады

    Алматыда трамвайлар сатылымға шығарылады

Алматыда трамвайлар бәссаудаға қойылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Электронды сауда 2018 жылдың 19 қаңтарында өтеді. Сатылымға 13 вагон шығарылады. Tatra KT4D маркалы трамвай құрамының сатылатыны туралы хабарлама Электронды сауда алаңы сайтында шықты.


Бұл техника 2013 жылы Берлинде сатып алынған. Трамвай вагондары 2015 жылы трамвай депосы жабылғанға дейін жолаушы тасымалдады. «Алматыэлектротранс» ЖШС сатып алған 17 вагонның 13 -і бәссауда арқылы сатылмақ.


Қосымша құжаттарда вагондардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп көрсетілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл техника пайдалануға жарамды.


Әр вагонның бағалау құны 103 510 000 теңгеге белгіленіп отыр. Бәссауда бағаның төмендеуімен жүреді.


«Бұл сауда түрінде бастапқы баға төмендей береді. Бірінші келісім берген тұлға сатып алушы болады», - делінген Электронды сауда алаңының сайтында.


Ал қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл дерекке қатысты түсініктеме бермеді.




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31