Нарық

Алматыда туристік фирмаға алданғандар шу шығарды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Демалысы дауға ұласты. Алматыда «Sunday tour» атты туристік фирма 40-қа жуық адамды тақырға отырғызып кетті. Түркияда демалғысы келгендер енді туристік фирма басшысын таппай сабылып жүр. Саяхатшыны шетелге жібермей олардың жалпы сомасы 19 миллион теңгесін қалтасына басып алған басшы, ізім-ғайым жоқ. Фирма қызметкерлері де алаяқтың құрығына түстік деп отыр.


Санаулы күннен кейн Түркияда демалуы тиіс 30-дан астам турист бүгін «Sunday tour» фирмасында басшыны таппай ұлардай шулап жүр. Қымбат қонақ үй, теңіз жағасы бір сөзбен айтқанда ұмытылмас демалыс ұйымдастырамыз деген турситік фирмаға халық имандай сеніп, әрқайсысы 800 мыңнан бастап 2-3 миллион теңгеге дейін төлеген. Демалысы дауға ұласқандар енді міне кезек-кезек арыз жазып жатыр.


Әсел ЗАКІРОВА турист:


-Жаным күйіп тұр енді. Төрт баламмен бару керек болғанмын. Жолдаманы алу үшін кредит алдым.


Зүлия Бадамбаеваның да немерелеріне деген сыйлығы күл-талқан болды. Зейнетақысын тернектеп жүріп жинаған ол ақшамды енді қалай қайтарамын деп налиды.


Зүлия БАДАМБАЕВА турист:


-Немерелерім қуанып, Алматы арқылы кету керек болған. Қызымды жіберейін деп едім. Мұндай жағдай болатынын қай жақтан білейін.


Қызметкерлері арқылы жымысқы әрекетін жүзеге асырған Александр Докуев есімді алаяқ туристерден жалпы соммасы 19 миллион теңгені қалтасына басып, үшті-күйлі жоқ болған. Екі айдан бері маңдай тер еңбек ақымызды алмадық деген фирманың менеджерлері бұл шаруаға қатысымыз жоқ деп ат-тондарын ала қашты.


Әйгерім ОРАТАЕВА Туристік фирманың қызметкері:


-Біз жұмыс істеп жүргенде бәрі дұрыс болатын. Бір кезде туроператорлар хабарласты. Ақша түспеді деп. Сосын алаңдай бастадық. Бастыққа хабарластық.


Жолы болмаған жолаушылардың мәселесімен енді құқық қорғау орындары айналыспақ. Олар алданған адамдардың арызы бойынша қылмыстық іс қозғады.Ал, ақшасын даулаған туристер қаражатымызды қайтару үшін алаяқ басшыны іздеуге ат салысамыз дейді.


ktk.kz


 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31