Нарық

Алматыда үйлерге жылу қашан берілетіндігі белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда жылыту маусымына сала мамандарымен қатар, құтқару қызметі де дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Нақтырақ айтқанда, құтқару қызметі жылыту маусымына дайындық барысында жеке секторлардағы өрт қауіпсіздігін тексермек.


Өйткені мегаполистегі Алатау, Түркісіб, Жетісу аудандарындағы жеке тұрғын үйлердің дені көмірмен жылытылады. Сондықтан ондағы өрт қауіпсіздігі назардан тыс қалмақ емес.


«Жылыту маусымынан кейін адамдар мұржаларды тазартпайды, плиталарын ауыстырмайды сондықтан, көп жағдайда ыс тиіп жатады», - деді Алматы ТЖД басқарма басшысы Марат Бекбаев.


Осыған байланысты құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тұрғын үйлерді аралап, өрттің шығуына өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертіп шықпақ.


Энергетиктер орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған алматылықтарға жылу уақытында берілетінін айтып отыр.


Алайда, сала мамандары жылыту құрылғыларына жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын жеткізді.


Айта кетейік, Алматының энергетика желілеріне жауапты компания мен «KEGOK» АҚ арасында бірлескен жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі әзірленген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылы «Алматы электр желілері» АҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 және Батыс жылу кешені мен Қапшағай СЭС, Каскад СЭС бойынша 69 негізгі құрылғыға жөндеу жұмысын жүргізуі қажет. Оның ішінде 20 энергетикалық қазандығы мен 13 турбоагрегат, 19 су ысыту қазандығы мен 17 гидроагрегатқа жөндеу жүргізілуі қажет болған. Энергожелісіне жауапты компания бұған алаңдаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.


Сала мамнадырының айтуынша, жылуты мерзіміне дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталады.


«Энергоқұрылғыларды жөндеуге 4 млрд теңге жұмсалады. 2017 жылдың 25 қыркүйегіндегі ахуал бойынша 59 құрылғы жөндеуден өткізіліп, жұмыстың 86 пайызы аяқталды. Қазіргі уақытта 6 негізгі және көмекші құрылғыны жөндеу жүргізіліп жатыр. ЖЭО-ларға 2017 жылы отын жеткізу бойынша келісімшарт жасалып қойған», - деді «Алматы жылу желілері» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, өндіріс бойынша бас инженер Ғази Исмұхамбетов.


Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады деп жоспарланған, алайда бұл жоспар ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.


 




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.09.2017, 20:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31