Нарық

Алматылық кәсіпкер прокуратураның шатырын жөндеуден бас тартқаны үшін 8 жылға сотталып кетті

  • Алматылық кәсіпкер прокуратураның шатырын жөндеуден бас тартқаны үшін 8 жылға сотталып кетті

    Алматылық кәсіпкер прокуратураның шатырын жөндеуден бас тартқаны үшін 8 жылға сотталып кетті


Өмірден үміт үздірген шешім! Алматыда қылмысты жәбірленушінің өзі жоққа шығарса да, сотталушы 8 жыл түрме жазасын арқалады. Үкім әділетсіз деген қос тарап апелляцияда да шындыққа қол жеткізе алмапты. Бұған прокуратураның шатырын жөндеуден бас тартуым себеп дейді істі болған бизнесменнің өзі. Ал, жақындары осы қастандықтың кесірінен сотталушы түрмеден өлі шыға ма деп қорқады. Өйткені, бауыр циррозына шалдыққан Асқар Жұмағалидің жағдайы қазірдің өзінде тым ауыр, деп хабарлайды КТК арнасы.



Әдетте жәбірленушілер апелляцияға жазаны ауырлату үшін жүгінеді. Ал, мына жігіт, керісінше, сотталған кісіні босатуды талап етіп, шыр-пыр болып жүр. Оған оқ атып, өлтірмек болды деген айыппен Асқар Жұмағали 8 жылға темір торға қамалған. Тек тергеушілер зардап шегуші деп таныған азамат өзіне ешкімнің қару кезенбегенін айтады.


“Маған мылтық төсеген жоқ. Маған мылтық атылған жоқ. Мен мылтықтың дауысын естідім бар болғаны”, – дейді Ернар Қанапиянов.


Сотталушы да әлгі оқты мен атпадым дейді. Суық қару қасында болған күзетшілерге тиесілі екен. Әрі одан оқ жаудырған да солар көрінеді. Мұны күзетшілердің әріптестері де растаған. Соған қарамастан, бар кінә кәсіпкерге жабылыпты.


“Іс әбден бұрмаланған. Сол күні Асқар Жұмағалидің қасында болған күзет қызметкерлері жазадан сытылып кетті. Ал, кәсіпкердің кінәсіздігін дәлелдейтін айғақты тергеушілер жоғалтып жіберіп отыр. Бәрі қолдан жасалған”, – дейді адвокат Изабуллам Авутов.


Сондықтан, қос тарап та апелляцияға жүгінді. Әрі адвокаттар іске қатысты жаңадан сараптамалар тағайындауды өтінген. Бірақ, судьялар мұны қанағаттандырмады. Үкімді де өзгеріссіз қалдырды.


“Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалсын. Жәбірленуші мен сотталушының адвокатынан түскен апелляциялық шағым қанағаттандырылмайды”, – дейді апелляциялық алқа төрағасы Нұрділлә Сейітов.


Үміті үзілген сотталушы мұның бәрі қасақана ұйымдастырылған деп отыр. Өйткені, прокурорлармен бұрыннан келе жатқан кикілжіңі бар екен.


“Прокурордың орынбасары Сабыров Әділханмен арамызда жеке түсініспеушіліктер болған. Ол менен Наурызбай аудандық прокуратурасының шатырын жөндеп беруді сұраған. Себебі мен сол ауданның кәсіпкерімін”, – дейді айыпталушы Асқар Жұмағали.


ном. Он просил меня отремантировать крышу прокуратуры Наурызбайского района. Так как , я являлся на этом районе бизнесменом.


Әділдік іздеп шаршаған кәсіпкердің жақындары мұнымен тоқтамақ емес. Енді жоғарғы сотқа, одан әрі халықаралық ұйымдарға шағымданбақ.


“4 адам өлтіріп отырған адамды 7-ақ жылға соттап отыр. Ал, Жұмағали Асқар Болатұлы біреуін де тиіспеген. Ол кісілер не өлмеген, не ауруханаға түспеген, не болмаса бір жарақат алмаған”, – дейді сотталушының туысы Маржан Нұрмұханова.


8 жылға сотталған жігіт бауыр циррозымен ауырады. Әбден асқынған дерт өте қауіпті екен. Сондықтан, жақындары түрмеде жүйелі күтім болмай, сотталушы ол жақтан өлі күйінде орала ма деп те қорқады.


Stan.kz



Көрілген: 877    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.12.2017, 01:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30