Нарық

Алматылықтарға қажет 7 мобильді қосымша

  • Алматылықтарға қажет 7 мобильді қосымша

    Алматылықтарға қажет 7 мобильді қосымша

Қазір өміріңді смартфонсыз елестету қиын. Жүріп-тұру, оқу, жұмыс істеу, адамдармен байланысу, тіпті қарапайым тамаққа тапсырыс беру мен карта қараудың өзі ақылды қалтафонның көмегімен жүзеге асады. Алматы сияқты алып қаланың тұрғындары қалада емін-еркін жүріп-тұру үшін оларға қандай мобильді қосымша қажет? 7kun.kz алматылықтарға ауадай қажет мобильді қосымшалардың жетілігін анықтады.

Алматы — Қазақстандағы ең ірі мегаполис. Қалада көше аттары, ғимараттар мен ықшам аудандардың көптігі сондай, шатасып кету оңай. Сондықтан, Алматының кез келген тұрғыны немесе аз уақытқа келген қонағы 2GIS бағдарламасын жүктеп алуы керек. Бұл бағдарламада қаланың толық картасы қамтылған. 2GIS-тің көмегімен өзіңіздің қай жерде тұрғаныңызды, баратын жерге қалай жетуге болатынын, қоғамдық көліктердің жүретін жолы мен бағытын, сіз көрсеткен мекен-жайда нақты қандай ұйымдар немесе қызмет көрсету орындары орналасқанын, өзіңізге қажетті кез келген сервис түрін көрсете алатын орталықтарды оңай таба аласыз. Мобильді қосымшаның басты ерекшелігі — оффлайн жұмыс істеуінде.

Алматыда «Оңай» бірыңғай қоғамдық көлік картасы қолданылады. Ал картаны бақылау үшін арнайы «Оңай» мобильді қосымшасы бар. Оны жүктеп алған адам өзінің жеке картасы туралы барлық ақпаратты телефон арқылы ала алады. Картаның ішіндегі қаражатты тексеру, картаны толтыру, қоғамдық көліктердің маршруттарын бақылау, картаның пайдалану тарихын (қашан, қандай көлік түрін қолданғанын, қанша ақша шығындағанын) көруге болады. «Оңай» бірыңғай жол картасымен тек жолақысын ғана емес, «Медеу» мұз айдынына кіру құнын да төлеуге болады.

Такси қызметі — Алматыдағы ең сұранысқа ие сервис түрі. Қалада жол-жөнекей такси ұстағаннан бөлек, ЯндексТакси, Uber, Экономтакси қызметтері бар. Ал InDriver қосымшасы аталғандардың ішіндегі ең ыңғайлысы. Себебі, басқа такси қызметтері жол жүру құнын өздері белгілеп берсе, InDriver арқылы сіз таксидің бағасын өзіңіз белгілейсіз. Бағамен келісетін таксилер сізге өздері хабар береді. Үлкен қалада адасып кетемін, алаяқтарға алданып қаламын деп қорқатын қонақтарға InDriver қызметін қолдану — таптырмас тәсіл.

Алматы — жер асты метросы салынған Қазақстандағы жалғыз қала. Қала тұрғындары метрополитен қызметін күнделікті қатынау үшін пайдаланса, қала қонақтары метроны көру үшін арнайы келеді. «Метрополитен Алматы» мобильді қосымшасының көмегімен метро пойыздарының қозғалу кестесі мен уақытын, бекеттердің ретін, төлем жүйесі туралы ақпарат алуға болады. Барлық ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолжетімді. Егер метро пойызын күтіп отырып қалғып кетемін деп күмәндансаңыз, мобильді қосымшаның көмегімен пойыздың келетін уақытына оятқыш қойып қоюға да болады.

Алматы — көлік қозғалысының көп болуымен, көлік кептелісімен танымал қала. Қоғамдық көліктердің қозғалысын, аялдамалардың реті мен қай жерде орналасқанын Citybus немесе Almaty bus мобильді қосымшасының көмегімен білуге болады. Алайда, қосымшалар тек мобильді интернет қолжетімді болған жағдайда автобус пен троллейбустардың қозғалысын бақылай алады. Citybus қосымшасы Android қолданушылары үшін, ал Almaty bus iOS қолданушылары үшін қолжетімді.

Egov.kz — халыққа қызмет көрсетудің мобильді қосымшасы. Қосымшаға тіркелмей-ақ, балабақшаға, мектепке, тұрғынүйге кезекті көруге болады. Ал жеке кабинетіңізге кіріп өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз, айыппұлдар мен қарыздарыңыз, салық төлемі туралы ақпарат ала аласыз.

Күн өткен сайын қалада қолма-қол ақшасыз төлем дамып келеді. Тіпті, қарапайым дүкенде де kaspi.kz арқылы төлем жасау мүмкіндіктері бар. «Оңай» картасын тексеру, коммуналдық төлемдерді төлеу, несиеге зат алу, тамақтану орындарында төлем жасау, сауда орындарында төлем жасау барлығын осы kaspi мобильді қосымшасының көмегімен жылдам орындауға болады. 




Көрілген: 1387    Пікірлер: 0

жұма, 23.11.2018, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31