Нарық

«Алтын Орда» базары маңындағы жолды жөндеу қарашада басталады

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Алматыға батыс қақпа арқылы кіретін «Алтын Орда» базары маңында жоспарланған жол құрылысы бір айдан кейін басталады. «Қазавтожол» мекемесі қыркүйек айының соңында құрылысты жүргізетін мердігер компанияны анықтаған деп хабарлайды astana телеарнасы.


Қазір дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Құрылыс кәсіпорны қараша айында жұмысты бастауға дайын. Бұл туралы «Қазавтожолдың» басшылары мәлімдеді.


Он жолақты жолдың ұзындығы 3,8 шақырым, оған бюджеттен 12 млрд теңге қаралған. «Апорт» сауда орталығы, «Асыл арман» тұрғын үй кешені, «Алтын орда» базары мен Райымбек кентінің тұсынан арнайы жол үсті өткелдері салынбақ.


Алматы-Бішкек трассасы бойында жатқан күре жолдың кіре берісіндегі сауда орталықтары көп жылдан бері көліктің қалаға кіріп-шығуына кедергі келтіріп тұр. Әсіресе шаһарға жұмыс істеу үшін келетін жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына ыңғайсыздық тудыруда.


Енді сауда орындары артқа жылжытылып, көлік жолы біршама кеңитін болады.


Қуаныш Ескендіров, «Қазавтожол» ҰК Алматы филиалы жетекшісінің орынбасары:


- Бұл жоба 2019 жылға дейін есептеліп отыр. Сол уақытта барлық жұмыстар аяқталуы тиіс. Ол мерзімге дейін қосымша айналма жолдар салу қарастырылған. Ал көлік нөпірі мүлде сыймай жатса, қазіргі қолданыстағы жолдың бір бағыты ашық қалдырылады. Осылайша құрылыс біткенше амалдауға тура келеді.


 




Көрілген: 530    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 05.10.2017, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28